• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Бүгін жоғары кәсіби шеберліктері мен адал еңбектерімен адам өміріне араша болып жүрген дәрігерлер қауымының кәсіби мерекесі. Сіздерді осы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздердің жоғары біліктілік пен мейірімділікті, мамандыққа адалдықты қажет ететін күн сайын адам өмірін сақтауда ерлікке толы қызметтеріңіз -  қоғам үшін аса маңызды.

Бұл күнде коронавирус індетінің таралуын алдын алудағы атқарылып жатқан жұмыстар сіздердің қызметтеріңіздің қоғам алдындағы маңызын тағы бір мәрте айқындап берді. Өз өмірлеріңізге төнген қауіпке қарамастан сіздер бұл індетпен күрес шараларына бір кісідей жұмылып, қауіпті инфекцияның таралуына тосқауыл болып, өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып жатырсыздар.

Қысқа мерзім ішінде денсаулық сақтау саласының мамандары науқастарға медициналық көмек көрсетуді тоқтатпастан,   ауруханаларды жұқпалы және провизорлық госпитальдарға айналдырып, емханаларды карантин жағдайына бейімдеді. Стационарлар мен емханалар дәрігерлерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында біз төтенше жағдай режимінен ең аз зардаптармен шыға алдық. 

Пандемия кезінде біз денсаулық сақтау жүйесінің олқы тұстарын анықтап, қазіргі уақытта аймақтың денсаулық сақтау жүйесін күшейту бағытында жұмыс істеудеміз.

Денсаулық сақтау жүйесін коронавирустық инфекция індетінің екінші толқынын қоса алғанда, орын алуы мүмкін жаңа қауіп-қатерлерге дайындау үшін біз инфекциялық қызметті қалпына келтіру және дамыту жөніндегі өңірлік жоспарды іске асыруға кірістік.

Осы мақсатта биылғы жылдың қараша айына дейін 7 жұқпалы аурулар госпиталі мен бөлімшесін қайта жаңарту және жөндеу, сондай-ақ жарақтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар эпидемиологтар мен инфекционистердің кәсіби деңгейін арттыруға қаражат бөлінді. Осы жұмыстардың нәтижесінде болашақ сын-қатерлерге қарсы тұруға қабілетті инфекциялық қауіпсіздіктің тұрақты жұмыс істейтін инфрақұрылымы құрылатын болады.

Құрметті достар!

Бұл мереке күні біз ардагерлер мен отандық медицинаның негізін қалаушыларға, өз еңбегімен Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға баға жетпес үлес қосып жүрген барлық дәрігерлерге, медициналық университет пен колледж қызметкерлеріне алғысымызды айтамыз.

Бүгінгі жүрекжарды құттықтауларымыз бен тілектеріміз мерекеге қарамастан қызметте туыстары мен жақындарынан жырақта жүріп, инфекциялық госпитальдарда вахтаны жалғастырып жатқан, ауруханалар мен перзентханаларда, жедел жәрдем бригадаларында кезекшілік етіп жатқан барлық азаматтарға арналады.

Облыс тұрғындарының атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен бақ-береке тілейміз!

  • 20.06.2020
  • 505
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика