• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды Дереккөз – Ақтөбе облысының әкімдігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

2021 жылғы 21-22 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Үкімет басшысы «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытын аралады. Кәсіпорынның қуаты – жылына 5 млн м² керамогранит пен керамикалық плитка. Жобаға салынған инвестиция көлемі 9,2 млрд теңгені құрайды, оны осы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Кәсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылды. А. Мамин өндірістік қуаты жылына 122 рентген аппараты мен кешенін құрайтын «Ақтөберентген» АҚ зауытының жұмысымен танысты. Өнімнің бір бөлігі Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға экспортталады. Биыл мемлекеттік қолдау шараларымен Ақтөбе облысының 3,3 мыңнан астам ШОБ субъектісі қамтылады. Үкімет басшысы «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты, онда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 1,2 млн-ға дейін өнім шығарады. Арнайы киімдердің, қорғаныш құралдарының, арнайы киімдерді шығаруға арналған жылытқыштардың кең номенклатурасының өндірісі жолға қойылған. Премьер-Министр өңірдің энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. А. Мамин «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ға барды, онда қазіргі уақытта кәдеге жаратушы қазандығы бар, қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды 2021 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Қарғалы ауданының Бадамша кентінде Асқар Мамин «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта жел электр станциясының екінші кезегінің құрылысы жүргізілуде. Станция жыл сайын сағатына 100 МВт электр энергиясын өндіретін болады. Инвестиция көлемі $85 млн құрайды, аяқтау мерзімі – биылғы жылдың қыркүйек айы. Асқар Мамин «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» республикалық автожолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл «Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесінде жол қозғалысы ашылады, «Қандыағаш – Мақат» автожолының учаскесі осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Премьер-Министр тас жолды қайта жаңарту жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
 

 

  • 23.07.2021
  • 352
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика