• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңаөзендік жас жігіттің ұлттық тәттілері көпті қызықтыруда

Құланды ауылының тұрғыны, Евразия университетінің 20 жастағы студенті Даниял Төлеуіш бүгінгі таңда жас кәсіпкер. Ол «AQ DAM» атты ұлттық тәттілер брендін қалыптастыру бағытында өз кәсібін ашып, ерен еңбектенуде.

Отбасылық кәсіптің тетігін тапқан жас жігіт ұлттық өнімдерді тұтынушыға әдемілеп, сыртқы орамын көз тартатындай көркем қылып, көрікті дизайнда безендіру арқылы өзгелерден ерекшеленген түрде  ұсынуды жөн санайды.  Осылайша, 20 жастағы Даниял Саматұлының отандық бренді қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде танымал.

Жаңаөзен қаласында ұлттық тәттілерді сатумен айналысатындар көп, алайда «AQ DAM» атты ұлттық тәттілер брендіне қызығушылық танытушылар саны күн санап өсуде. Бүкіл отбасы болып өндіретін өнімді мұндай әдемі етіп қаптап шығару идеясы қалай пайда болғаны туралы Даниял Саматұлы былай дейді: 

«Әкем мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, біз мал өнімдерін жеп өстік. Нұр-сұлтан қаласында тұрып жатқан кезімде түйе сүтінен дайындалған өнімдерді сатып алғым келетін. Бірақ ол жақта, түйенің сүтінен жасалған өнімдер біздің Жаңаөзен қаласына қарағанда әлдеқайда қымбаттырақ. Содан маған неге мен өзімізде өндірілген  өнімді осында әкеліп қолжетімді бағада сатпасқа деген ой келді. Ата-анаммен бұл ойыммен бөліскенде олар мені бірден қолдады. Солай менде ешқандай қорқыныш болмады. Басында Нұр-Сұлтан қаласына тасып немесе тапсырыс арқылы алдыртып сатып жүрдім. Бұл тиімсіз болды. Себебі, шұбат сияқты өнім ұзақ жолға тасымалдауға шыдамай қиындықтар тудыратын. Не де болса бұл кәсіпті тоқтатпай, өз өнімдерімізді Жаңаөзен қаласында сатылымға шығаруды ұйғардым. Барлық адам бір нәрсені алып, қолданбас бұрын ең алдымен оның сыртқы түріне, қалай безендірілгеніне қарайды. Сыртқы безендірілгені ұнаса, оны қолданып немесе дәмін татып көргісі келеді. Біздің де өніміміздің сыртқы дизайнына қарап қызығып, дәмін татып көргеннен кейін тұтынушы оны ұнатып қалады. Сөйтіп, адамдар бір-бірінен естіп, көріп қызығушылықпен тапсырыс берушілердің саны көбейе бастады. Қазір тұрақты тұтынушыларымыз да бар. Сыйлыққа беруге немесе дәм ретінде ұсынуға өте қолайлы. Бұл - біздің отбасылық кәсібіміз. Өнімнің барлығы анамның қолынан шығып жатыр. Қаптап, безендіру- қарындастарымның жұмысы. Біз балқаймақ, құрт, ірімшік, шоколадпен қапталған жент өнімдерін  шығарамыз. Тары мен талқанды ғана Ақтөбе қаласынан алдыртамыз».

Жас кәсіпкер қазіргі таңда тапсырыспен жеткізу қызметі арқылы ғана жұмыс істеуде. Өнімдерін Маңғыстау облысының барлық жеріне жеткізеді. Алдағы уақытта үлкен дүкен ашып, Қазақстанның барлық қаласынан және шет мемлекеттерден де тапсырыс қабылдап жеткізу қызметін  жасау жоспары да бар.

  • 06.08.2021
  • 274
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика