• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда шөп бағасын түсіру шаралары жалғасуда

Бүгін Ақшұқыр және Қызылтөбе ауылдарында арзан шөп сатылды
 
Маңғыстау облысында бір түк шөп 900-1000 теңгеден сатылып жатыр. Бұл нарықтағы бағадан 500 теңгеге төмен. Өзге өңірлерден тасымалданып жатқан шөп бағасын арзандату – облыс әкімдігінің қолға алған арнайы шарасы аясында жүзеге асуда.

Кәсіпкерлермен келісім нәтижесінде 1200-1400 теңге аралығында  тұратын бір түк шөп 900-1000 теңгеден сатылуда. Үстіндегі шығын облыс әкімдігі жанынан құрылған қор есебінен өтеледі. Қазірдің өзінде өңірдегі бірнеше кәсіпкермен келісім жасалды.

Бұл қолжетімді бағадағы шөп Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылы мен Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында сатылды. Ақшұқыр ауылына таң ертең Ақтөбе облысынан 800 түк шөп жеткізілді. Бағасы 900 теңге.

«Осы күнге дейін Түпқараған ауданына 3 мың тонна шөп жеткізіліп, төмен бағада сатылды. Ақшұқыр ауылында 20 шаруа қожалығы мен 290 жеке малы бар тұрғын бар. Арзан шөпті алушылар көп. Халық риза болып жатыр. Мал азығын қолжетімді ету жұмысы әрі қарай да жалғасатын болады»,-деді Ақшұқыр ауылы әкімінің орынбасары Жандос Өтелгенов.

Төмен бағада шөп сату жұмыстары Мұнайлы ауданында 23 шілдеден басталған.

«Жалпы ауданға өзге өңірлерден тасымалданып жатқан шөп 1400-1500 теңгеден сатылып жатыр. Облыс әкімдігінің қолдауымен баға 400-500 теңгеге түсіріліп, қазір екі кәсіпкер шөптің бір түгін 1000 теңгеден сатуда. Бүгін тағы осы бағада Ақтөбеден 2800 түк жеткізілді. Әр тұрғынға 20 түктен беріліп жатыр. Алдағы күндері ауданның батыр және баянды ауылдарында да арзан шөпті сату жұмысын ұйымдастыратын боламыз. Шаруа қожалықтары мен мал бағып отырған тұрғындардың шөпке  сұранысына орай аталған жұмыс жалғасын табады»,-деді Мұнайлы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Созақбаев.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.08.2021
  • 212
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика