• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық шаруа қожалықтары ҚР Үкіметі резервінен бөлінген қаржылай көмекті ала бастады

Маңғыстау облысында мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін ҚР Үкіметі  резервінен  бөлінген 1,9 млрд теңге шаруа қожалықтарына беріле бастады. Аналық мал басына төленетін  қаржылай көмекті алғашқылардың бірі болып алған «Қуандық» шаруа қожалығының иесі Оңайхан Қалиевамен хабарластық. 
  
«Қорамызда 2 сиырымыз, 9 жылқы мен жүзге тарта қой-ешкіміз бар. Бұрын ірі қара бағатын едік, былтырдан бері жылқы бағудың қиын екенін түсініп, ұсақ малға көштік. Жылқы малы тәулік бойы жайылымда жүретін болған соң, шөлейтті Маңғыстауда шөп тауып беру де қиындау. Малымыздың бәрін тіркетіп, күні кеше мемлекеттен берілетін қаржылай көмекті алдық. Шотымызға мемлекеттен көмек ретінде 140 000 теңге түсті.  Қуанып жатырмыз»,-деді Оңайхан Қалиева

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы С.Қалдығұлдың айтуынша, үкіметтің қорынан бөлінген қаржы 971 шаруа қожалығы мен үйде мал бағып отырған  8815   тұрғынға беріледі. Айта кетейік, аталған көмек аналық мал басына беріледі.   
  
«Біздің қазіргі есебіміз бойынша,  жылқы және түйе малына 9143 теңге, сиыр малына 9173 теңге, ал қой мен ешкіге 1915 теңгеден төленеді. Бұл қаржыны тамыз айында игеруіміз керек.  Шаруа қожалықтарынан, жеке мал иелерінен біздің қазір сұрайтынымыз, тездетіп бізге мал басының санын түгендеп берсе дейміз, сонда біз тәртіп бойынша жеке есеп шоттарына тиесілі  қаржыны аударатын боламыз»,-деді С.Қалдығұл.
  
Қазір облыста мал басын түгендеп, тіркеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әзірге шаруа қожалықтары малының 84%, жеке үй шаруашылығындағы тұрғындар төрт түлігінің 82% тіркелді.  

«Малды тіркеудің арнайы тәртібі бар. Ауылдық комиссиялар өздері реттеп, түгендеп болғаннан кейін, комиссия мүшелері қол қойып, тәртіп бойынша, аудандық комиисия оны растап, бізге жиынтық актісін береді, біз соған қарап қаржылай көмекті төлейміз.   Қанша жиынтық актісі түседі, сонша төлей береміз, қаражат бар. Ең бастысы, малы тіркелген болуы керек. Бұл дегеніміз - малды чиптеу, қалған малды сырғалау, белгі тағу»,-деді С.Қалдығұл. 
  
Жалпы облыста соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша төрт түлік малдың есебі 840 000. Соның 460 мыңға жуығы тіркелген. 
 
«Қазіргі таңда «Жасыл дәліз» деген бар, Ауыл шаруашылығы министрлігі соны бізге уақытша ашып берді, осыған орай менің тұрғындардан сұрайтыным, тіркелмеген малын түгел тіркетіп алулары керек. Себебі, тіркелген малға екпе бөлінеді, дәрілер беріледі және мемлекет тарапынан түрлі баытта қаржы бөлінген кезде көп көмегі болады»,- дейді Серік Сырымұлы. 

  • 06.08.2021
  • 188
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика