• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ӘЛИЯ СЕРІКҚЫЗЫ: ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ – ӘРБІР ТҰТЫНУШЫНЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАТЫНДАЙ ЕҢБЕК ЕТУ

Бүгінгі күннің нәзікжандыларының қоғамдағы орны бөлек. Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күткен әйел-ана соңғы 30 жылда ел экономикасына да үлес қосып келеді.

Солардың бірі, Маңғыстау өңірінің тумасы, "ALIYA TUMAN" брендінің негізін қалаушы, қазақ халқына келін, аяулы жар, екі баланың анасы Әлия Серікқызымен бизнес сұхбатты ұсынамыз.   

"ALIYA TUMAN" ательесі 2015 жылы  құрылып, бүгінгі таңда бірнеше бағытты қамтитын, Маңғыстаудың жеңіл өнеркәсіп саласындағы  кәсіпорындардың бірі. Қазіргі таңда кәсіпорында екі цех жұмыс жасап, 75 адамды жұмыспен қамтыған.  Әлия Серікқызы бірнеше қызмет көрсетіп, өз өнімдеріне  қазақтың ою-өрнегін машықтап, ұлттық өнеріміздің ұмыт қалмай, дамып-өрлеуіне үлесін қосып қана қоймай, заманауи сипаттағы, әлемдік брендтермен бәсекелесе алатындай дүниелер шығаруда. Кәсіпкер алдағы уақытта жаңа топтамасымен әлемдік нарыққа шығып, дүние жүзін қазақ мәдениетімен таңғалдырмақ. 

"ALIYA TUMAN" ательесінің ерекшелігі - брендтің ең алғашқы болып бұқаралық нарыққа шығуы. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірімізде ірі сауда желісін іске қосып, онлайн тапсырыстармен де жұмыс жасайды. Алдағы уақытта электрондық саудаға көшу жоспарында бар. Айта кетелік, электрондық сауда бүгінгі күнде халық пен тұтынушы тарапынан жақсы қолданысқа ие. Салық кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын 100 пайызға босатылады. Яғни, егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. 

Әлия Серікқызы өз сөзінде: Алдымен кез келген бизнес бастаушы өз ісін және мамандығын сүйе білуі керек. Табандылықпен ерінбей жұмыстанып, тәжірибе жинау керек. Сабырлық, еңбекқорлық керек. Алғашқы кезекте тек клиентімнің ойынан шығу, тапсырыс берушінің әдемі болып жүруі үшін түнімен тігіп, жұмыс жасаған кездерім де болды. Себебі ол клиенттің тапсырысы мен үшін бірінші орында тұрды, - дей отырып, жас және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге табыстың кілті - әрбір тұтынушыға деген жеке көзқараспен көңілінен шығатындай жұмыс жасау, өз өнімін шығармастан бұрын маркетингке қатты көңіл бөлу  жөнінде кеңес береді.

Түйіндей келе, әйел – іскер, білікті басшы, барша әлемге мейірім шашып тұратын шапағат шуағы. Нәзікжандылар қауымының қоғамдағы рөлін айқындайтын,  бүгінгі сұхбатымызға арқау болған  өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына  өзіндік үлесін қосып жүрген Әлия Серікқызына Алғысымызды білдіреміз. 

  • 06.08.2021
  • 232
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика