• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңаөзендік хирург Мақсат Оңайбаев - алтын қолды дәрігер

Дәрігерлік - жауапты мамандық. Бұл кәсіпті таңдаған маманға үлкен жауапкершілік жүктеледі. 

Мақсат Оңайбаев дәрігер мамандығының маңыздылығын түсініп, бала кездегі арманын жүзеге асырып, ұзақ жылдар бойы дәрігер болып қызмет етіп келе жатқан әкесі Жаңабай Жәңгірұлының еңбек жолын жалғастырғысы келді. 

Осылай арман қуған Мақсат Оңайбаев 2004 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педиатрия факультетіне түсіп, оны 2011 жылы балалар хирургі мамандығы бойынша тәмамдайды. Ол еңбек жолын № 2 Жаңаөзен қалалық емханасында балалар хирургі болып бастады. Ал, 2012 жылдан қазіргі таңға дейін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының хирург маманы қызметінде. 

Жас хирург өз саласы бойынша үнемі біліктілігін жетілдіре отырып, күрделі оталарды жасап, кішкентай науқастардың өміріне араша түсіп келеді. Мақсат Жаңабайұлы 2015 жылы Алматы қаласында қан тамыр хирургиясы бойынша біліктілігін арттырды. Оны әріптестері жас болса да сауатты, кәсіби шеберлігі жоғары маман ретінде бағалайды. 

Күллі әлемді шарпыған коронавирус індетімен Мақсат Оңайбаев әріптестерімен бірге алдыңғы шепте жүріп күресуде. Күні-түні науқастардың дерттен айығып, отбасыларына оралуы үшін қажырлы еңбек етіп келеді. 

«Жалпы, хирург болу өте қиын. Адамның қанын көру, онымен жұмыс жасау кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Адам өміріне жауапты боласыз. Ота жасамас бұрын қалай болар екен деп ойланып шықсақ, отадан кейін де түнімен ұйықтай алмайтын кездеріміз болады. Науқасқа дәрісін беріп, уколын салып кететін басқа салаларға қарағанда, хирургия саласының салмағы ауыр», - дейді хирург дәрігер Мақсат Жаңабайұлы. 

Пышақ үстінде жатқан науқастың үмітін өшірмей, оны өмір сүруге талпындыру, сендіру қаншалықты ауыр болса, ота жасайтын дәрігерге артылар жауапкершілік жүгінің салмағы да соншалықты зіл батпан. 

Мақсат Оңайбаевтың пайымдауынша,  хирургке сақтық, ұқыптылық және шыдамдылық аса қажет. Өйткені, кез-келген отаны жасау - өте күрделі процесс. Міне, осындай қиыншылығы мол, құрметі мен жауапкершілігі тепе-тең түсетін қызметті абыроймен атқару оңай шаруа емес. 

Пинцент, қайшы, ілгек, тебен... Бірінен соң бірі хирургтардың қолында ойнайтын құралдар. 

Бүгінде біздің кейіпкеріміз Мақсат Жаңабайұлы әке жолын қуған білікті хирург, үш баланың әкесі. Ол халықтың сый-құрметіне бөленіп, алғыс арқалаған ақ халатты абзал жан. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.08.2021
  • 254
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика