• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.Трұмов: «Көп балалы аналарға берілетін үй сапасына мән берілсін»

Биыл Маңғыстау облысында көп балалы отбасылар үшін 150-ден астам пәтер сатып алынады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі С.Трұмовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынында құрылыс саласына жауапты әкім орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналарға жалпы ауданы 9,180 мың шаршы метр 153 пәтер сатып алу қарастырылған. 

«Тұрғын үй келесідей бөлінді: Ақтау қаласында 54 пәтер, Маңғыстау ауданында - 24, Қарақия ауданында - 30, Түпқараған ауданында -15 және Мұнайлы ауданында - 30 пәтер. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында, әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен Ақтау қаласынан кемінде 135 пәтер сатып алынады. Бұл мақсатқа компания 1 млрд.375 млн. теңге бөлді. Бүгінгі таңда құзыретті органдар құрылыс салушылардың ұсыныстарын қарастыруда. Үш компания өз ұсыныстарын ұсынды», - деді Н. Аққұлов.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағдарлама да қарқын алуда. 2021 жылы бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін 163 отбасына жергілікті бюджеттен 200 млн.теңге бөлінді.

Алайда, биыл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жұмыс тобының ұсыныстары негізінде тұрғын үй сертификаттарының жоспарланған лимитін 526-ға дейін ұлғайта отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға басымдық берілді. 
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға салынып жатқан пәтерлердің сапасына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. 

«Тұрғын үй алатын барлық отбасылар қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болмауы тиіс. Сапасына мән беріңіздер»,- деді С.Трұмов. 

Кәсіпкерлікті қолдау бағытында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Ж.Тоқбаева баяндады. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл несие көлемін 7 млрд.теңгеге дейін ұлғайту, салалық шектеулерді алып тастау, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микро несие беруді енгізу, сондай-ақ экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ кредиттері бойынша борыштық жүктемені азайту көзделген. Жарты жыл ішінде бағдарлама бойынша 26 млрд.983 млн. теңгеге 1360-тан астам жоба несиелендірілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 196 млн.теңгеге 2 жоба іске асырылды. «Nur Kapital» бойынша несиелеу аудандарда және Жаңаөзен қаласында жылдық 1% - бен жүргізіледі. Несиенің ең жоғарғы сомасы 30 млн. теңгеге дейін. Іске асыру басталғаннан бері 3 млрд. теңгеден астам сомаға 152 жоба құрылды, 1152 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді Ж.Тоқбаева.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.08.2021
  • 241
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика