• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҮГІННЕН БАСТАП ТОЙ-ЖИЫНДАРҒА БАРҒАНДАРҒА ДА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Маңғыстауда рейд шаралары күшейтілді
 
Маңғыстау облысында енді той, садақа жасағандар ғана емес, оған барғандарға да айыппұл салынатын болды. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында әкім орынбасары Г.Қалмұратова мәлімдеді. Гүлмира Мұратқызының баяндауынша, карантин талаптарын бұзғандар бас санитардың қаулысына сәйкес айыппұл төлейді.

Өткен демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жүргізілді. Нәтижесінде 57 хаттама толтырылып, Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Облыс әкімі С.Трұмов бұл жұмыстарды жалғастыра беруді және мониторинг топтарының жұмысын күшейте түсуді тапсырды. Себебі COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны сағат сайын өсіп барады.

Эпидемиологиялық ахуалды жақсартудың бір жолы – көпшілік жиналатын шараларды шектеу болса, екіншісі  - вирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жаппай екпе алу. Бүгінгі күнге дейін облыста 103 710 адам вакцинаның 1-ші компонентін,  64 204 адам 2-ші компонентін қабылдаған. Облыста КВИ-ге қарсы вакцинацияға арналған 42 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр (Ақтау – 8, Жаңаөзен – 6, Бейнеу - 8, Қарақия -2, Маңғыстау  -1, Мұнайлы - 5, Түпқараған – 6). «Вакцинация жұмыстары күшейтілді, соның нәтижесінде шілде айында тұрғындар арасында вакцинацияның өсу қарқыны байқалды»,-деді Г.Қалмұратова.
 
ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМДЕРІНДЕ 107 АДАМ ЖАТЫР
 
Жыл басынан бері қауіпті індетпен 10 мыңнан астам адам ауырып, 92,3%-ы емделіп шықты. Өкінішке қарай 227 адам осы вирустан көз жұмған.

Соңғы тәулікте 224 адамның КВИ жұқтырғандығы анықталды.  
Денсаулық сақтау нысандары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Науқастар санының өсуіне байланысты Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында 5 инфекциялық стационарлар ашылды.

Өңірдегі жалпы төсек қорының саны 1912 орынға жеткізіліп, реанимациялық төсек саны 118-ге дейін артты. Осы стационарларда бүгінгі күні 1190 адам ем қабылдауда, оның ішінде 59 бала, 95 жүкті және босанған әйелдер. Төсек орындардың толымдылығы – 62% құрайды. Ал, жансақтау бөлімдерінің толымдығы - 90% (107 адам).

Г.Қалмұратованың айтуынша, медициналық персонал толық іріктелді, дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры дайын. Қосымша мобильді бригадалар құрылып, олардың саны 120 бригадаға дейін ұлғайтылды, 20 бірлік автокөлік бөлінді.
 
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.08.2021
  • 194
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика