• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЕГІН ОҚЫТУ, ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС

Жаңаөзендік жұмыссыз қыз-келіншектер жаңа кәсіп үйренуде

Бұрын-соңды ине ұстап көрмеген арулар тегін оқудың арқасында құрақ құрап, тігін тігіп үйреніп жатыр. Онымен қоймай олар оқуларын сәтті аяқтап, алғырлықтарын көрсетсе, тұрақты жұмыс дайын тұр.  
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №764 қаулысына сәйкес, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жасақталып, Жаңаөзен қаласында да тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының дамуына қолдау жасау, жұмыссыздықты еңсеру бағыттарын-дағы жұмыстар қолға алынғаны белгілі. 

Аталған бағдарламаның І бағыты – «Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту». Ол бойынша «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында» тіркеуде тұрған жұмыссыздарға «тігінші» мамандығын екі ай ішінде оқытып, әрі қарай жұмыспен қамту мәселесін шешуді мақсат еткен «Айша» оқыту орталығы өз жұмысын бастады. 

«Өзіміздің тігін шеберханамыз бар. Сол шеберханамызға "Нұр Капитал" бағдарламасы бойынша 6 миллион теңге көлемінде 1%-бен несие алып, өзімізге керекті стоноктар алдырған болатынбыз. Соған сай жұмыс көлемі де ұлғайып, жұмысшылар санын да көбейттік. Қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Әлі де 30 тігінші қажет. Сондықтан жақында осы оқу орталығын ашып, үйде отырған 30 қыз-келіншікті тігіншілікке оқытып жатырмыз. Оқу аяқталған соң өзімізге жұмысқа аламыз. Себебі тапсырыс көп, қазіргі таңда үлгермей жатырмыз. Бұл әдіс біз үшін де, кәсіп үйренушілер үшін де үлкен мүмкіндік болып отыр», - деді «Айша» оқыту орталығының иесі Эльмира Құдайбергенова.
 
Сұранысқа ие кәсіпті меңгеріп жатқан келіншектер дән риза.
 
«Осы күнге дейін жұмыс жасап көрген жоқпын. Үйде отырған анамын. Жұмыссыз болып тіркеліп, осы орталыққа келдім. Құрақ көрпелерді құрап, үйреніп жатырмыз. Болашақта осы салада жұмыс жасауға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын», - дейді Жанат.
 
Тігіншілікті үйренуші студенттер оқуларын аяқтап болғанша 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы алып отырады.

  • 06.08.2021
  • 231
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика