- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
С.Трұмов оттегі баллондарын толтырып, тасымалдауға жәрдемдесіп жатқан жанашыр жандарға алғыс айтты
Маңғыстауда қауіпті вирусты жұқтырып ауырған науқастардың көбеюіне байланысты оттегі баллонына сұраныс арта түсті.
Бүгінде “Эко Газ Ақтау” мекемесі тәулігіне 550 оттегі баллонын толтырып, Ақтау қаласындағы, Қарақия, Маңғыстау және Түпқараған аудандарындағы стационарларға жөнелтуде. Бұл іске мекеме жұмысшыларымен қатар, Ақтаудың спорт шеберлері де атсалысып жатыр.
Бүгін облым әкімі С.Трұмов ел басына түскен уақытша қиындықты еңсеруге ерікті түрде көмектесіп жатқан азаматтармен жолығып, өңір тұрғындары атынан алғыс айтты.
“Уақытпен санаспай, тәулік бойына кезекпен еңбектеніп жатырсыздар. Алла разы болсын, бауырларыма! Біз барлық қиындықтар мен сынақтарды бірге еңсереміз!”,-деді ол.
Қазіргі таңда мекеме ауруханалардан түскен сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр. Қосымша 600 баллонға дейін бар.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 06.08.2021
- 190