- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
АҚТАУДА ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ СУДА ҚҰТҚАРУ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Жас IT мамандар Тұрланбаев Нұрсұлтан және Балийханов Нұрсұлтан "ALL FOOD" деп аталатын бағдарламаны ойлап тапты
Мобильді қосымша халықтың өмір сапасын арттыруға және уақытты үнемдеуге бағытталған.
IT мамандары тағамға тапсырыс беру және жектізу қызметі бойынша "ALL FOOD" мобильді қосымшасын бүгінде қала және ауыл тұрғындарына ұсынып отыр. Аталған мобильді қосымша 2 жылдан аста уақыт жүзеге асырылып келеді. Қазіргі кезде мобильді қосымшаға қалалар, аудан мен ауылдарды қосқанда 100-ге жуық дәмханалар тіркеліп, пайдалануда. Атап айтсақ, Жаңаөзен, Ақтау, Құлсары қалаларында және Бейнеу ауданында жұмыс жасауда.
Жас мамандардың пікірінше, мәселен, үйіңізге қонақтар келеді, алайда Сіз жұмысыңыздан босай алмай жатсыз ба? Болмаса үйден шығуға уақытыңыз болмай жатыр ма? Осындай уақытта "ALL FOOD" мобильді қосымшасын пайдалануға үлкен мүмкіндік бар.
Мобильді қосымшаның тиімділігі—үйден шықпай- ақ өзіңіздің қалаған тағамдарыңызға тапсырыс бере аласыз. Одан бөлек, күнделікті тұтынатын азық – түлікке тапсырысыңызды берсеңіз болады. Мамандар өніміңізді уақытында жеткізеді.
Жаңаөзендік жас IT мамандары алдағы уақытта мобильді қосымшаны бүкіл Қазақстанға танытуды көздейді. Олар барлық облыс пен қалаларда қызмет сапасын арттыруды мақсат еткен. Халықтың өмірін жақсартып, жайлылық сыйлау үшін бүгінде үздіксіз қызмет етуде. Жастар бұл қосымшаны пайдалануда ешқандай қиындықтар жоқ дейді, тек қана ұялы телефонды мобильді қосымшаға тіркесе, бағдарлама смартфондағы App Store және Play Market қосымшасы арқылы жүктеледі. "ALL FOOD" - ең қажетті нәрсені жеткізеді.
Сонымен қатар, аталған жас IT мамандар 2020 жылы 12-13 қараша күндері Ақтау қаласында өткен өңірлік "RIFMO-2019 IT форумда" жүлделі 1 орынға ие болды.
- 06.08.2021
- 179