• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУДА БИЫЛ 18 940 ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Биыл облыстағы мектеп оқушыларының саны былтырғымен салыстырғанда 8 мыңға артқан. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында білім басқармасының басшысы С.Түлебаева айтып берді.
 
Қыркүйек айынан бастап өңірде 530 білім беру нысаны жұмысын бастайды. Оның: 324 балабақша, 143 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп, 15 жекеменшік мектеп, 5 кешкі мектеп, 16 арнайы білім беру ұйымдары, 27 колледж.

Ақтау қаласындағы 34-ші және Шығыс-1 шағын аудандарында екі мемлекеттік мектеп ашылып, қаладағы үш ауысымда оқитын қос мектептің мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, Мұнайлы ауданынан 100 орындық жекеменшік мектеп ашылды. Ал, Ақтаудан 670 орындық жекеменшік мектеп қараша айында іске қосылмақ.

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 70% АСТАМЫ ЕКПЕ АЛДЫ

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, сабақ кестелері санитарлық нормаларды сақтай отырып құрылады. «Оқушылардың қоңырау кезінде топтаспауы үшін сабақ арасындағы үзілістер мен асханаға бару уақыты әртүрлі уақытқа қойылды. Барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» бағдарламасы енгізілді»,- деді С.Түлебаева.

Облыстағы жалпы мектеп педагогтарының 70,1% және техникалық қызметкерлерінің 52,4% инфекцияға қарсы екпе алған. Облыс әкімі жауапты азаматтарға бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды және күшейтуді тапсырды.

«Балаларымыздың қауіпсіздігі үшін мектептегі барлық мұғалім вакцина алуы тиіс. Дәрігерлер ұстаздар қауымына екпенің маңыздылығын түсіндірулері қажет. Мұны қала, аудан әкімдері  бақылауда ұстасын. Балалардың денсаулығына біз тікелей жауаптымыз. Оны педагогтар жақсы түсінеді деп ойлаймын»,-деді С.Трұмов.
 
С.ТРҰМОВ: «ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН МЕКТЕПТЕР АРНАЙЫ КҮЗЕТПЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС»
 
Облыстағы мектептердің барлығында бейнебақылау жүргізілген. Бейнебақылау жүйелерінің 50,3% полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Мектептердің 59,6% дабыл түймесі орнатылды. Қалғандары тамыз айының аяғына дейін орнатылады деп жоспарланып отыр.  

Облыс әкімі жауапты азаматтарға жаңа оқу жылы басталғанша оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тездетіп жүзеге асыруды тапсырды. Атап айтқанда, барлық мектепте арнайы дабыл нүктесін қосуды, бейнебақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталықтарына қосуды, барлық мектептерге күзет қызметін ұйымдастыруды қатаң тапсырды.  

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 644 жас маман мектептерге орналасады. Өңірдегі педагог мамандар даярлайтын 7 колледжді биыл  60 орыс тілі пәні мұғалімі, Ш.Есенов атындағы университетін 24 орыс тілі пәні мұғалімі, облыс әкімінің грантымен басқа қалада оқитын 1 орыс тілі әдебиеті пәні мұғалімі  келіп 85 кадр тапшылығы жойылады.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілердің қатысуымен жұмыстар жүргізілуде. Осы топтағы 6 мыңнан астам отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу қорынан 25 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова аймақтағы эпид ахуал бойынша ақпарат берді. Өңірде «ASHYQ» қосымшасы арқылы 1689 кәсіпкер жұмыс істейді. Тағы 683 нысан тесттік режимде жасап тұр. Облыс бойынша індетке қарсы екпенің бірінші компонентін 112369 адам, екінші бөлігін 76 155 тұрғын салдырған. Барлығы 589 рейдтік шара ұйымдастырылған. Екінші тамыздан бүгінгі күнге дейін 408 маңғыстаулық сырқаттан жазылып шықты.
 
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 09.08.2021
  • 206
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика