- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2021 жылдың шілдесі жаңа рекордтарды орнатуымен ерекшеленді
Шілдеде жылудың екі қарқынды толқыны жаңа температуралық рекордтарға әкелді, көпжылдық максимумдар жабылды. Мысалы, 07 шілдеде Қызылорда метеорологиялық станциясында (Қызылорда облысы) ең жоғары ауа температурасы +46,5°С тіркелді. Осылайша 1975 жылғы рекорд жабылды – ол кезде 20 шілдеде ауа температурасы +46,0°С белгісіне жеткен болатын. Жылудың тағы бір толқыны үшінші онкүндіктің бірінші жартысына, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы +34+44°С дейін көтерілген кезде келді. Осылайша Түркістан қаласында 25 шілдеде +44,1°С болды, бұл көрсеткіш өз кезегінде 2017 жылғы осы күннің алдыңғы рекордынан асып түсті (+42,5°С).
Сондай-ақ, шілде айының жекелеген күндерінде, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында екінші онкүндіктің ортасында және айдың соңында, ең төменгі ауа температурасы тіркеліп, рекорд жаңартылды. Мысалы, Рузаевка метеорологиялық станциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) 29 шілдеде түнде ауа температурасы +5,3°С құрады. Нәтижесінде осы түннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол 2020 жылы +7,7°С құраған еді.
Сонымен қатар, шілдеде температура рекордтарынан басқа, қатты жел, дауыл, бұршақ және найзағай, қатты жаңбыр сияқты қолайсыз ауа-райы жағдайлары орын алды. Бір ай ішінде республика бойынша 15-28 м/с екпінді жел, ал жекелеген аудандарда – Достық, Есік, Үштөбе метеорологиялық станциясында (Алматы облысы), 30-37 м/с дейін жеткен жел байқалды. Бұл стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың (АГҚ) өлшемдеріне жетті. 07-08 шілдеде Ақтөбе метеорологиялық станциясында (Ақтөбе облысы) 54,7 мм қатты жаңбыр (айына норма 30 мм) жауды, ал Үштөбе метеорологиялық станциясында (Алматы облысы) диаметрі 20 мм бұршақ түсті. Көлемі бойынша бұл өлшемдер АГҚ критерийлеріне жетті. Ақжол метеорологиялық станциясында (Павлодар облысы) желдің жылдамдығы 36 м/с, ұзақтығы 6 минут болатын дауыл тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылы ең жоғары ауа температурасы 4 шілдеде тіркелді: термометрлер +37,8°С белгісіне жетті. Бұл осы күннің алдыңғы 1997 жылы орын алған рекордын жауып тастады. Сол кезде ауа температурасы +37,5°С құраған болатын.
Бір айда 44,3 мм (нормадан 89%) жауын-шашын түсті. Естеріңізге сала кетсек, орнатылған норма 50 мм құрайды.
- 10.08.2021
- 200