- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Жылыту маусымына дайындық бойынша кезекті кеңес өткіздім
Барлық өңір бойынша жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары бақылауда.
9 қазандық пен 6 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 12 қазандық пен 5 турбина жөндеуде қалып отыр.
16 тамыздағы жағдай бойынша жылыту маусымының басталуына ғимараттардың 78% - дан астамы дайын, оның ішінде 5 403 көп пәтерлі үй және 1 100 әлеуметтік нысан бар.
Көмірді сатудың 34 нүктесі ұйымдастырылды. Осы айдан бастап бюджеттік ұйымдар мен халыққа көмір жөнелту жүргізілуде. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 5,6 млн тонна көмір жеткізу жоспарланып отыр.
Мысалы, «Шұбаркөл көмір» біздің облысқа күн сайын 19 вагон көмір жөнелтеді. Сұраныстың артуына байланысты осы айда жөнелту 35 вагонға, ал қыркүйектен бастап 40 вагонға дейін жеткізіледі.
Күзде дүрлікпеу үшін тұтынушыларды көмірді қазірден бастап сатып алуға шақырамын.
- 17.08.2021
- 222