• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрлігінде Жергілікті өзін-өзі басқаруды 2025 жылғы дейінгі дамыту тұжырымдамасының жобасы ҰҚСК мүшелерімен бірге талқыланды

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу барысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстан Республикасындағы Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі – Тұжырымдама, ЖӨБ тұжырымдамасы) таныстырды. Іс-шараға сонымен қатар сарапшылар, азаматтық қоғам және әкімдіктер өкілдері қатысты.  

Іс-шараға қатысушылар Тұжырымдаманың негізгі ережелерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды одан арғы дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды шешу жөніндегі шараларды, сондай-ақ азаматтардың жергілікті жердегі атқарушы билік органдарына сенім деңгейін арттырудың жаңа әдістерін талқылады.

Ведомство Тұжырымдама жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы барысында жарияланған тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.

«Жаңартылған Тұжырымдамада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа моделі енгізілген, ол шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысуы мен рөлін кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға, ұйымдық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешудегі ауыл әкімдіктерінің дербестігін, тұрғындар алдындағы ашықтығы мен есептілігін, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің аражігін ажыратуға бағытталған», - деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Тұжырымдама жобасы шеңберіндегі негізгі реформалардың бірі - аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлауды енгізу.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңдар 2021 жылғы 24 мамырда қабылданды.

 Ағымдағы жылғы 25 маусымда облыстық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің бірінші тікелей сайлауы жарияланды.  Сайлау 25 шілдеде өтті.

 Сайлау нәтижесінде 730 әкім сайланды (барлығы 2345), олардың өкілеттік мерзімі 2021 жылы аяқталды.  Сайлау кезең-кезеңімен, олардың өкілеттіктерінің аяқталу мерзіміне сәйкес 2025 жылдың бірінші жартысына дейін жүзеге асырылатын болады.

 Бұл ретте 2024 жылдан бастап облыстардағы аудан мен аудан әкімдерінің тікелей сайлауы енгізіледі.

Тағы бір ЖӨБ тұжырымдамасындағы маңызды жәйт, «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жаңа заңды әзірлеу. Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және өкілеттіктері айқындалатын болады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың пәрменді жүйесін орталықсыздандыру мен құруға, басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің қайталануын қайта бөлуге және болдырмауға мүмкіндік береді.

Сарапшылар, өз кезегінде, жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заң жобасын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Ол саяси реформаларды сапалы іске асыруға мүмкіндік беріп, қоғамды демократияландыру мен азаматтарды жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау процесіне кеңінен қатыстыруға оң әсер етеді.

Жалпы, Тұжырымдамада тұрғындардың маңызды шешімдерді қабылдауға белсенді түрде қатысуы бағамдалған. Мәселен, елдімекендердің мәртебесін, атауын және шекарасын өзгерту, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін айқындау мәселелері.

Сонымен қатар ауылдық өкілді орган – «Кеңес» құрылады. Кеңес төрағасы мен оның мүшелері жергілікті тұрғындардың жиыны арқылы 3 жылға сайланады.

Кеңес жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспары мен бюджетті бекітіп, оның орындалуын бақылайды, ауылдық деңгейде салық мөлшерлемелерінің мөлшерін, сондай-ақ ауылды абаттандыру мәселесін реттейді.

Осымен бірге, 2022 жылдан бастап ауыл деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі беріледі. Бұлар бірыңғай жер салығы, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем, оларды сатудан түсетін түсімдер және оларды жалдау құқығын сатқаны үшін төлем. 2024 жылы тағы да бірқатар салықтар мен төлемдер беріледі. Атап айтқанда, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын облыс, аудан және ауыл арасында бөлінеді. Фискалдық орталықсыздандыру болжамы бойынша 2025 жылы ауылдық округ бюджетінің өзін-өзі қамтамасыз етуі 35%-ке дейін ұлғайтылады.

Тұжырымдама жергілікті бюджет шығыстарын ұтымды бөлуді арттыруға және коммуналдық меншік нысандарын тиімді пайдалануға бағытталған шаралардан тұрады.

Осылайша, тіркелмеген коммуналдық меншік нысандарын түгендеу мен есепке қою оңайлатылған тәртіппен жүргізілетін болады. Ауылдық округ әкімі «Кеңеспен» бірлесіп, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беруге жататын мүлік түрлерін айқындайды. Ауылдарда әлеуметтік нысандарды жобалауға арналған шығыстарды төмендету үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

Жоспарланған шараларды іске асыру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатына сәйкес келетін және азаматтардың мүдделерін сапалы іске асыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • 18.08.2021
  • 301
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика