• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУ ХАЛҚЫ АЯУЛЫ ПЕРЗЕНТІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Маңғыстау облысының әкімі
С.Трұмов мемлекет және қоғам қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, “Құрмет”, “Парасат” орденінің, “Еңбек Даңқы” медалінің иегері, өлкенің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірген ел ағасы Керелбаев Сақып Бүркітбайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, Маңғыстау жұртшылығына көңіл айтты.

«Маңғыстау халқы аяулы перзентінен айырылды. Адамзат баласына сын болған індет үлкенге де, кішіге де, жақсыға да, күштіге қарамайтынын көрсетті. Тәжтажалдың тырнағына тағы бір қазақтың қадірлісі ілініп тұр. Өкінішті, әрине...

Сақып Бүркітбайұлы Маңғыстау топырағында дүниеге келіп, өмірінің соңына дейін кіндік қаны тамған жерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан арда азамат еді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолында аянбай тер төкті.

Елдің тізгінін ұстады. Облыс әкімінің біріншісі орынбасары болып, елге, қоғамға абыройлы қызмет қылды. Өзінің 45 жыл қызметбаянында игі істердің мұрындығы болды. Ол кешкен ғұмыр, ол өткен еңбек жолы – өлке тарихының жарты ғасырлық жылнамасындай. Өзінің шешен, би бабаларындай сөз ұстаған жанның тілінен туған өлкенің тарихы мен таңғажайып дүниелері төгіліп тұратын, қаламынан бұрынғылар кешкен ғұмырдың құнды шежірелері парақталып жататын. Істің қиюын таппай қиналып қалған тұсымызда әдемі қалжыңымен бір қағытып алып, сол мезетте шешімін нұсқайтын. Құнды кеңестер беретін. Бүгінгінің тілімен айтқанда нағыз мотиватор менеджер адам еді. Ұйымдастыру қабілеті мен бірге жоспарлау, талдау, болжау қасиеттері бар, басқару ісіне қажетті қасиеттері мол басшы болды. Мемлекеттік қызметте ізінен ерген іні буын үшін бұл – үлкен мектеп.

Ағамыз қызметте де, зейнеткерлік шағында да өңірдің барлық қоғамдық-саяси мәселелеріне бей-жай қарай алған жоқ. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі болды. Жас ұрпақты ұлтжандылық пен отаншылдыққа, мемлекетшілдікке тәрбиелеуде ұлағаттылық танытты.

«Қаратөбе» қауымының басындағы Абыл ақын, Шотан мен Досан батырлар атындағы «Үш Ата» асының, Сүйінғара батырдың, Шотан батырдың атындағы 1998, 2005, 2006 жылдары ұйымдастыру алқасының төрағасы ретінде жасаған жұмыстарын жақсы білеміз.

С. Керелбаевты ел талантты ұйымдастырушы ғана емес, сонымен бірге өз ойын қағаз жүзінде де, ауызекі көпшілік алдында да еркін жеткізе білетін азамат деп таныды. Ол «Түбекке танымал тұлғалар», «Еліне елеулі есімдер», «Өткен өмір өрнектері» және т.б. шежірелік кітаптары Маңғыстау аймағын жете білгісі келетіндер мен түбегімізде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа біраз тың мағлұматтар беретін кітаптар жазып шығарды. Оның соңғы жазған  «360 әулиелі Маңғыстау» атты 600 беттік кітап-альбомы қасиетті Маңғыстаудың жауһар қазынасы болып қала бермек. 

Артында өшпес із, ұлағатты ұрпақ, ғылыми мұра қалдырған асыл ағаның есімін де, еңбегін де елі ұмытпайды. Аяулы бейнесі де, айтқан ақыл-өнегесі де мәңгілік жадымызда.
Жаны жәннатта, иманы саламат болсын», —  деді С.Трұмов.

  • 19.08.2021
  • 252
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика