• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облысымыздың ұстаздары бас қосқан дәстүрлі Тамыз кездесуіне қатыстым. Кеңесте білім беру сапасын арттыру, оқытудың штаттық режиміне қайта оралу мәселелері талқыланды

Биыл облыстың жалпы бюджетінің 40% білім беру саласына бөлінді. Қарағанды, Жезқазған, Саран, Жаңаарқа, Шет аудандарында төрт мектеп және төрт жапсарлас нысанның, ал Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екі балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайы салынуда. Жыл соңына дейін сегіз нысанды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жаңа оқу жылының басталуына орай 164 ғимарат жөнделді. 1 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы жаңа Оқушылар сарайы өз жұмысын бастайды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Барлық оқу орындарында дабыл түймелері мен дауыстық ескерту жүйелері пайда болды. Нысандардың жартысынан көбі турникеттермен жабдықталып, мұнда арнайы күзет қызметтері кезекшілік атқарады. Ал қаңтар айынан бастап, барлық бейнебақылау жүйесін жаңарту басталады.

Балабақшаларда жаңа модель енгізілуде, онда ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие сапасын 10 критерий бойынша бағалай алады. Оның ішінде тамақтану сапасы мен үй-жайлардың тазалығынан бастап, білім беру процесінің сапасына дейінгі мәселелер қамтылған.

Өткен оқу жылында ерекше балаларға қажетті жағдай жасаған мектептер санының артқаны қуантады. Инклюзивті білім берумен қамту 73% құрады.

Жаңа оқу жылында шешуді қажет ететін негізгі міндеттерді атап өткім келеді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен 84% - дан 86,5% - ға дейін ұлғайту.

Проблемалық аймақтарды анықтау және білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру үлгісі бойынша мектептер мен колледждер үшін жыл соңына дейін қоғамдық рейтингті енгізу.

«Оқитын мектеп» республикалық жобасы шеңберінде 2022 жылдың соңына дейін мектептер мен колледждер кітапханаларындағы көркемдік қорды 100% - ға жаңарту.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтуды ұлғайту мақсатында инклюзивтік білім беруді одан әрі дамыту және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің кәсіби дағдыларының деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру. Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу үшін қалалар мен аудандарда мұғалімдерге қызметтік тұрғын үйлерді беру.

Балаларға уақытылы психологиялық көмек көрсетумен тек мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар медицина қызметкерлері мен ювеналды полиция қызметкерлері де айналысуы керек.

Оқушыларды сабақтан тыс уақытта қамтуды 66,7% - дан 86% - ға дейін ұлғайту бойынша шаралар кешенін қабылдау қажет.

Патронаттық тәрбиені дамыту және асырап алушы отбасыларды ашу бойынша жұмысты жалғастыру.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальді оқытуды дамытуға баса назар аудару және оқытудың осы түрімен қамтылған студенттердің үлесін 12-ден 20% - ға дейін арттыру. Барлық колледждерде WorldSkills стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихан өткізу практикасын енгізу қажет.

Осы міндеттерді шешу білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін.

  • 21.08.2021
  • 303
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика