• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Үкіметте Ақтөбе облысының Кешенді даму жоспарын таныстырды

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарымен таныстырды.

«Кешенді жоспар мұнай-газ және көлік инфрақұрылымын, тау-кен металлургия кешенін, өндірістік кооперацияны, сондай-ақ Ақтөбе агломерациясындағы ғылыми-медициналық және білім беру кластерін дамытуға бағытталған», - деді министр.

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 567 млрд.теңге. Бұл ретте айрықша үлес жеке инвестицияға тиесілі, ол 478,7 млрд теңге. 64,9 млрд теңге – республикалық бюджет, 7,4 млрд теңге – жергілікті бюджет және 16,6 млрд теңге МЖӘ арқылы.

А.Ерғалиевтің дерегінше, облыста 119,6 млрд теңгеге 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Әңгіме инженерлік-коммуникациялық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту жобалары, Ақтөбе қаласындағы кәріз тазарту құрылысын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарындағы инженерлік-коммуникациялық желілерді қамтамасыз ету туралы болып отыр.

Осы кезеңде облыста өнеркәсіптік кооперация жобалары, оның ішінде ауданы 450 гектар болатын жаңа индустриялық аймақ құрылады.

Көлік инфрақұрылымының жаңғыртуды, оның ішінде қолданыстағы автомобиль жолдары мен «Ақтөбе-Орск» және «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» жаңа жобаларын атап өту маңызды. Бұл көліктік жобалар Ақтөбе қаласының «өсу орталығы» және елдің батысындағы ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтеді. «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын» және «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолдарын одан әрі қайта жаңарту жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61%-тен 95%-ке дейін арттырады.

Жоғарыда аталған барлық жобаларды іске асыру 2025 жылға қарай Ақтөбе облысының тауар айналымының 1,5 есе, 2,3 триллион теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етіп, сондай-ақ көрші облыстармен жолаушы, жүк тасымалын арттырады.

«Әлеуметтік дамуға ерекше рөл беріледі.  Денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіндегі қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым құрылады. 25 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі», - деді министр.

Көпбейінді аурухана мен балалар онкогематологиясы орталығын салу, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық жабдықпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар облыста 49 мектеп пен Ақтөбе қаласында колледж студенттеріне үш жатақхана салынады.

2025 жылға қарай Кешенді жоспардың сапалы орындалуы 114 мың жаңа жұмыс орнын құруға және 5,8 трлн жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.  Өңдеуші өнеркәсіп көлемі 21,6%, ауыл шаруашылығы өнімдері - 37%, жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жергілікті автомобиль жолдарының үлесі - 34%-ке дейін, халықтың ақшалай кірісі - 41,8%, тұрғын үйді пайдалануға беру - 21%, құрылыс жұмысы көлемі 60,7% деңгейінде орын алады. Болжам бойынша ЖӨӨ нақты өсімі 27,4%-ті құрайды.

«Жоспардың түпкі мақсаты – Ақтөбе облысы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту. Жоспар өңірдің дамуына жаңа серпін беріп, оның экономикасын әртараптандырады және инвестиция тартады деп күтеміз», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

  • 23.08.2021
  • 286
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика