- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАРУАЛАР ҮКІМЕТ КӨМЕГІН АЛДЫ МА?
Маңғыстау ауданының шаруалары үкіметтен бөлінген қайтарымсыз қаржыны алды ма, өзге өңірлерден тасымалданып жатқан мал азығы жетті ме? Шаруалар жайымен танысу үшін облыс әкімі кезекті рет ауданның Тұщықұдық, Шебір, Қызан және Ақшымырау ауылдарына барды.
Ақшымырау елді мекенінің әкімі Айдос Шамғұловтың мәліметінше ауылда 238 тұрғын үй бар. Онда барлығы 171 сиыр, 14793 қой-ешкі, 4306 жылқы, 2437 түйе тіркелген. Сонымен қатар кәсібін дөңгелетіп отырған 36 шаруа қожалығы бар. Үй және шаруа қожалықтарының мал басы санына қарай 1000 түк шөп халыққа тегін таратылды. Сонымен қатар, 486 орама шөп, 15 теңгеден сатылды. Жергілікті жерден 2 шаруа қожалық ауыл тұрғындарына 700 теңгеден, 11000 түк жеткізіліп, тұрғындарға арзан бағамен сатылды. Жеке кәсіпкерлер арқылы 1800 қап жем 2400 теңдесен саудаланды.
Тұщықұдық ауылының әкімі Нұрғали Еркінбек Тұщықұдық және Қияқты екі елді мекенде 360 - үй шаруашылығы мен 32 - шаруа қожалығы тіркелгенін айтады. Қазіргі таңда үй шаруашылығына барлығы- 22 289 357 теңге, шаруа қожалықтарына – 4 939 401 теңге көлемінде бір реттік көмек төленген. Ауылда бүгінгі күнге дейін 844 дана тук шөп 84 үйге тегін таратылған. Ауыл тұрғындарымен 170 тонна тук шөп және 97 тонна орама шөп (рулон) сатып алынған. Салмағы 20 кг болатын 1 085 қап жем жеке кәсіпкерлер арқылы 2 400 теңгеден сатылды.
Шебір ауылы бойынша 1100 түк шөп ауыл халқына тегін таратылған. Кебек жемнің қабы 2300 теңгеден, арпа 4400 теңгеден, бір түк шөп 700 теңгеден сатылған. Шебір ауылында қуаңшылыққа байланысты аналық малға берілетін көмекке178 үй шаруашылығы құжат тапсырып, 46973,411 теңге төленген.
Қызан ауылында үй шаруашылығы мен шаруа қожалығында барлығы 16 200 қой, 5161 жылқы, 2686 түйе, 219 сиыр тіркелген. Осы күнге дейін шаруаларға 1200 түк шөп тегін таратылды. Жеке кәсіпкерлер арқылы 400 түк шөп 700 теңгеден, жем 2100-2300 теңгеден сатылды. Қуаңшылыққа байланысты мемлекеттен берілетін бір реттік көмекке 144 жеке қосалқы шаруашылық, 16 шаруа қожалық иелері құжаттар тапсырылған.
Биылғы қуаңшылық зардабын тартқан ауыл тұрғындары төрт түлігін өзге өңірлерден келіп жатқан жем-шөппен ғана бағып отырғандарын айтты.
“Жауын-шашын аз түсіп, жер қурап қалды. Жайылымда түк жоқ. Малымызды үйден жемдеп бағуымызға тура келіп отыр. Мал азығын күнде сатып алып, шығынға батып отырмыз. Мал бағу тиімсіз болып қалды”,-деді шаруалар.
Аймақ басшысы аудан, ауыл әкімдеріне үкіметтен берілетін көмектің әр шаруаға жетуін қамтамасыз етуді және қысқы дайындықты пысықтауды тапсырды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 24.08.2021
- 279