• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУ МҰҒАЛІМДЕРІ ТҮГЕЛ ЕКПЕ АЛДЫ

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мұғалімдер мен студенттердің екпе алуы мен білім ордаларындағы қауіпсіздік шаралары талқыланды. Сонымен қатар жүк көліктерінің жолда жүру ережелерін бұзу мәселесі қаралды. 
  Осы жылдың 6 айында облыста жылжымалы бекеттерді тексеру барысында  заң бұзушылық жасаған жүк тасымалдаушылардан 31млн. 423 мың теңгеге айыппұл өндірілген. Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, 6 айда барлығы 1338 автокөлік тексеріліп, 305 тасымалдаушыдан жалпы 268 млн. 251 мың теңге түсім түсірілген.
  Жарты жылда атқарылған жұмысын қорытындылаған көліктік бақылау инспекциясы басшыларының жұмысын облыс әкімі сынға алды. «Өңірдегі жаңа салынған жолдар, оның ішінде «Шетпе-Жетібай» автожолы ауыр жүк көліктерінің мөлшерден тыс жүк тиеуіне байланысты мерзімінен бұрын бүлініп жатыр. Мұны тоқтату керек, жұмысты дұрыс жүргізбей отырсыздар. Карьерлердің басынан жүк тиелген сәттен түсіндіріп, шектеу қойылуы керек»,-деп облыс әкімі жұмысты күшейтуді тапсырды. 
  Айта кетсек, Карьерлер бойынша осы жылдың 6 айында жылжымалы бекеттермен 61 каръерлік жүк  тасымалдаушыға 21 млн. 367 мың теңге айыппұл салынды. 65 жүк жөнелтуші 5 млн. 236 мың. Теңге көлемінде  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыста бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған 239 карьерлер бар.  Олардың 153-і, ұлу тас карьерлері, қалған 84 –і қиыршық тас және құм карьерлері, 2 -уі тұз және 1 бор карьері. 
  

ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАСЫЛ БЕЛГІСІ ЖАНҒАНДАР ҒАНА КІРЕДІ
 
  Бұдан бөлек аппараттық жиында білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Білім басқармасының басшысы С.Түлебаеваның айтуынша 1 қыркүйекте дәстүрлі форматта сабақты бастап кету үшін мектеп педагогтары мен техникалық персоналды вакцинациядан өткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Барлық білім беру мекемелеріне Ashyk жобасы енгізілді.
  Бүгінгі таңда, вакцинаға қарсы көрсеткіші жоқ педагогтар мен мектептің кіші қызметкерлері барлығы түгел екпе алған. Сонымен қатар, балабақша, қосымша білім беру мекемелері, колледж қызметкерлерінің 93,5%-ы вирусқа қарсы егілген.  Апта аяғына дейін қалған қызметкерлер толық вакцинацияланбақ.
  Ал, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің басшысы Б.Ахметовтың мәліметінше, 2021-2022 оқу жылында студенттердің қауіпсіздігі үшін бірқатар өзгертулер енгізілген. Мәселен, бакалавриаттын 1 курстары, осы жылдың желтоқсан айына дейін онлайн режимде білім алады. Өйткені ережеге сәйкес бірінші курстың 18-ге толмаған студенттері екпе алмайды. Сонымен қатар, бакалавриаттын 2,3,4 курстары, магистратураның 1,2 курсы, докторантуранын 1 курсы оффлайн режимде оқиды. Лекция сабақтары онлайн режимінде өтетін болса, семинар мен лаборатория сабақтары офлайн режимінде болады.
  Ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында оқутышылар құрамы мен 18 жастан асқан студенттер екпе алуда. 1-қыркүйектен бастап университетке кіру Ashyk жобасы арқылы жүзеге асады. Тек жасыл белгісі жанған студенттер мен оқытушылар ғана білім ордасына кіре алады. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.08.2021
  • 310
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика