• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ШАРУАЛАР МАЛ АЗЫҒЫНА ҚАЙТАРЫМСЫЗ КӨМЕК АЛУДА

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов шаруалардың қазіргі жайымен танысу үшін Түпқараған ауданына барды.
Ақшұқыр, Сайын Шапағатов, Таушық ауылдары әкімдерінің ауыл шаруашылығы бағытында жасап жатқан жұмыстары және қыс мезгіліне дайындығы туралы есептерін тыңдады. 

Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Жәнібектің айтуынша, ауылда мал басын түгендеу үшін арнайы комиссия құрылып, барлық тіркелген шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылығындағы мал саны нақтыланған. Нәтижесінде, 22 шаруа қожалығы және 203 жеке үй шаруашылығының құжаттары ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылып, үкімет қорынан бөлінген тиісті қаражаттары мал иелерінің есеп шоттарына аударылуда. Тіркелген малы бар тұрғындарға жеңілдетілген бағамен 4047 түк, 179 орама (рулон) шөп және 47 тонна арпа сатылды. Басқа өңірлерден ауылға 9 вагон тегін шөп жеткізілді. Осы уақытқа дейін ауылға барлығы 868 тонна жем-шөп жеткізілді. 

Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш бүгінде 10 шаруа қожалығы мен 274 жеке қожалық ауыл әкімдігінде тіркелгендігін айтады. Әзірге 3 шаруа қожалығы мен 104 жеке қожалықтың құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылып, жалпы сомасы 9 482 170 тг қайтарымсыз көмек ақша есеп шоттарына түсуде. “Жыл басынан бері ауылға 994 тн шөп әкелінді, оның 49 тн тегін, 945 тн 900-1300 теңгеден, 250 тн жем халыққа сатылды”,-деді ауыл әкімі. 

Ал, Таушық ауылы бойынша тіркелген мал басы 25117. Оның ішінде жылқы – 3640 бас, түйе – 3040 бас, сиыр – 792 бас, қой, ешкі – 17645 бас. Өткен шілде айында Үкімет резервінен бір реттік аналық малға яғни жем-шөп алу үшін қаражат бөлінуіне байланысты ауыл бойынша 286 жеке үй шаруашылығы мен 26 шаруа қожалық нақтыланды. 26 шаруа қожалықтың 24-іне 21 299 091 тг көлемінде қаржылай көмек берілген.

Аймақ басшысы аудан және ауыл әкімдеріне қысқы мал азығы қорын жасақтауды және арнайы база дайындауды тапсырды. 
“Сонымен қатар қай шаруа үкіметтен қаражат алды, кімде шөп жоқ, осының барлығын анықтаңыздар, аз қамтылған отбасыларға көмектесуіміз керек. Ал мүмкіндігі бар адамдар шөбін алып, қысқа дайындалуы қажет”,-деді облыс әкімі С.Трұмов. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.08.2021
  • 229
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика