- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«К7 GROUP» ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ
Құрылыс мекемесінің жұмысшылары қарқынды жұмыстың тоқтап қалмауын қалайды. Яғни, қара күшті талап ететін жұмыс үшін деннің саулығы аса маңызды.
Осыған орай, олар ұжымдық иммунитет қалыптастырды.
Тұрғын үй кешені құрылысы жанынан COVID-19-ға қарсы вакциналау пункті ашылып, СЭС мамандары ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдымен, дәрігерлер жұмысшылардың дене температурасын, қан қысымы мен өзге де созылмалы ауруы бар жоғын тексерді. Осылайша ұжым екпені түсіністікпен қабылдап, екпенің бірінші компонентін алды.
Құрылысшылар бүгінгі таңда вакциналау – коронавирус індетімен күрестегі жалғыз тиімді және қолжетімді құрал екендігіне сенімді.
- 26.08.2021
- 166