- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«АСАР-С» КӨТЕРМЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
Әлемді шарлаған коронавирусты еңсерудің жалғыз амалы – вакцина екені даусыз. Ақтауда індеттің алдын алу мақсатында ұжым болып екпе салдырғандар саны артып келеді.
Бүгін қаладағы «Асар-С» көтерме сауда орталығында COVID-19-ға қарсы вакциналау пункті ашылып, орталық қызметкерлері жаппай екпе ектірді.
Көтерме сауда базары жұмысшыларының пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана коронавирусты жеңіп, қалыпты өмірге оралуға болады.
Бүгінде екпенің екі кезеңін де толықтай қабылдаған тұрғындар вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндіктерін айтты.
- 26.08.2021
- 174