- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
АҚТАУДАҒЫ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІНІҢ 20 СТУДЕНТІ ТҮРКИЯДА ОҚИТЫН БОЛДЫ
Бұл жайында өңір педагогтарының тамыз конференциясында айтылды.
-Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып жатқан «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы өңір әлеуетінің кеңеюіне оң ықпал етуде. Бір ғана Туризм колледжінің қызметі жарқын мысал. Осы жылдар ішінде колледж туризм саласы мамандарын дайындайтын платформа болып қалыптасты. Соның нәтижесінде, аймақта 2020 жылы ашылған «Rixos» қонақүйіне мыңға жуық жас маман жұмысқа орналасты.
Алдағы уақытта аталған қонақүймен әлеуметтік серіктестікті жалғастыру көзделуде. Колледждің үздік 20 студенті енді түрік елінде оқитын болды.Осы ретте Білім, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, эконгмика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру, білім гранттарын бөлу кезінде өңірдің еңбек рыногына қажетті мамандықтарға ғана таңдау жасауды тапсырамын,- деді өңір педагогтарының тамыз конференциясына қатысқан Маңғыстау облысының әкімі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 27.08.2021
- 275