- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Нұрлан Ноғаев ЯСЖТСШҰ атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен келіссөздер жүргізді
2021 жылғы 26-28 тамыз аралығында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТСШҰ) дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың Қазақстан Республикасына сапары өтті, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТСШҰ) Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТСШҰ) сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа сәйкес әрбір қатысушы мемлекет ядролық қарудың кез келген сынақ жарылысын және кез келген басқа ядролық жарылысты жүргізбеуге, сондай-ақ өзінің юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы кез келген жерде кез келген осындай ядролық жарылысқа тыйым салуға және оны болдырмауға міндеттенеді.
2021 жылғы 27 тамызда сапар шеңберінде Р.Флойдтың ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердімен және ҚР Энергетика министрі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевпен кездесулері өтті, кездесулер барысында халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
ҚР Энергетика министрі Р.Флойдпен кездесуінде Қазақстан Республикасының Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымымен ынтымақтастығы, оның ішінде халықаралық мониторинг жүйесіне кіретін қазақстандық станцияларды, ұлттық деректер орталығын дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Ермекұлы Омаров, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының қызметкерлері қатысты.
- 27.08.2021
- 271