• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыс әкімі Серікбай Трұмов өңір педагогтарын дәстүрлі тамыз конференциясында жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиынға аймақ басшысымен бірге білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтары,  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ. Бейсембаев, «Білім-инновация» халықаралық қорының  вице-президенті Е. Әубәкіров, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Сонымен қатар, аудандардағы ұстазар тамыз кеңесіне онлайн режимде қосылды.
Педагогтар бас қосқан кеңесте өткен оқу жылы қорытындыланып, аймақтағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалды және жалпы республикада білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар таныстырылды.
Аймақ басшысы білім сапасын арттыруға басымдық бере отырып, оқу процесіне қолайлы жағдай жасау керектігін айтып өтті.  
«Санаулы күндерден соң, биылғы оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Біздің міндетіміз - соңғы екі оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі кемшін тұстарын толтыру, оқушыларға қолайлы жағдай жасау»,-деді облыс әкімі С.Трұмов.
Өткен оқу жылында облыста 15 мектеп оқушылары үш ауысыммен оқыды. Бұл мәселені еңсеру үшін жыл аяғына дейін   9 мектеп ашылады. Оның ішінде, Ақтау қаласында 3 мектеп, Мұнайлы ауданында 1 мектеп, Бейнеу ауданы мен Ақтау қаласы аумағындағы 3 мектептің қосымша құрылыстары пайдалануға беріледі. Ақтау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы 3 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде.
Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызды объектілердің жеткілікті санын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принципін жүзеге асыруды қолдайды. Осыған орай өңір басшысы білім, құрылыс, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары мен әкімдіктерге алдағы жылдарыға жоспарланған 32 мектеп құрылысын салу мен өз мерзімінде және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, өңір басшысы Серікбай Трұмов білім басқармасына, аудан, қала әкімдеріне білім беру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды, мектептерді бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етуді, балалардың бос уақытысын тиімді пайдалану үшін елді мекендерде әлеуметтік нысандар санын көбейту шараларын ұйымдастыруы бойынша тапсырма берді.
Іс шара барысында облыс әкімінің Алғыс хатымен – 5 педагог, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен – 6 мұғалім, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен – 5 мұғалім, ҚР «Еңбек ардагері»  төсбелгісімен -1 педагог марапатталды.
 
 
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.09.2021
  • 242
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика