• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЭМ елдің бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мен ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Жарлығының жобасы ұсынылды. Министр атап өткендей, сыртқы және ішкі ахуалға байланысты, Қазақстан экономикасының 2022-2026 жылдарға арналған базалық, оптимистік және пессимистік даму сценарийі әзірленді. Базалық сценарий кезіндегі ЖІӨ орташа жылдық өсу - 4,8%, оптимистік - 5% және пессимистік - 4%. Бюджеттік жоспарлау үшін Ұлттық экономика министрлігі басшысы негіз ретінде базалық сценарийді пайдалануды ұсынды. «Базалық сценарийде ЖІӨ нақты өсуі 2022 жылы 3,9% деңгейінде болжанады. 2026 жылы ол 5,2%-ке дейін жеделдейді. Номиналдық ЖІӨ 2022 жылы 87,1 трлн теңгені, ал 2026 жылы 119,9 трлн теңгені құрайды», - деді ҰЭМ басшысы. Барлық негізгі салаларда оң өсу күтіледі. 2022 жылы мұнай өндіру 2026 жылы 107,4 млн тоннаға арту арқылы 87,9 млн тонна болады. Макроэкономикалық көрсеткіштер дерегін есепке алу арқылы бюджеттік параметрлер болжамы жасалды. Ол бойынша республикалық бюджет кірісі 2022 жылы - 9,2 трлн теңге, 2023 жылы - 9,7 трлн теңге, 2024 жылы 10,4 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасының шеңберінде Ә. Ерғалиев кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы - 2,4 трлн теңге, 2023 жылы - 2,2 трлн теңге және 2024 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттауды ұсынды. Сонымен қатар Ұлттық қордан нысаналы трансфертті 2022 жылы 550 млрд теңге, 2023-2024 жылдарда жылына 400 млрд теңге мөлшерінде тарту ұсынылады. Бюджет тапшылығы 2022 жылы ЖІӨ-ге 3,3% деңгейінде болжанып, 2024 жылы ЖІӨ-ге 2,5%-ке дейін төмендейді. Республикалық бюджет шығысы 2022 жылы - 15,9 трлн теңге, 2023 жылы - 15,6 трлн теңге және 2024 жылы 16 трлн теңге көлемінде болжануда. «Халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында экономиканың тұрақты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру шаралары қабылданады», - деді Әсет Ерғалиев. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша айтылған тәсілдер, заң жобалары мен Жарлық жобасы мақұлданды. 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Елбасының стратегиялық бастамаларына қол жеткізу, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес әзірленді. 

  • 03.09.2021
  • 260
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика