• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тимур Жақсылықов кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары туралы баяндады

Бүгін брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов «Бизнестің жол картасы-2025» (БЖК-2025) және «Қарапайым заттар экономикасы» (ҚЗЭ) бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.  

Бірінші вице-министр атап өткендей, «БЖК-2025» және «ҚЗЭ» бағдарламалары бизнесті қолдаудың ең нәтижелі және табысты бағдарламаларының бірі болып табылады.

«БЖК-2025» бағдарламасы бойынша берілетін кредит көлемі 7 млрд теңге. Субсидиялау мерзімі – 5 жыл. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кредит сомасы шектелмеген, ал субсидиялау мерзімі – 10 жыл.

Т.Жақсылықовтың айтуынша, экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін ШОК кредиттері қайта қаржыландырылады. Экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Субсидиялау мерзімі 3 айға ұзартылып, осы мақсатқа бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінген.

«Өткен жылы «БЖК-2025» бойынша бизнесті микрокредиттеу бағдарламасы басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына 5 млн теңгеге дейін және инвестициялық мақсатқа 20 млн теңгеге дейін кредит беріледі. Бұл ретте, 5 млн теңгеге дейінгі қарыздың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріледі», - деді ҰЭМ басшысының орынбасары.

Ағымдағы жылғы 7 айда «БЖК-2025» және ҚЗЭ шеңберінде 801,2 млрд теңге сомасына 25,3 мыңнан астам жоба жеңілдікті қаржыландыруға ие болды. Жалпы кредит сомасы 603,7 млрд теңгеге 14,4 мың жоба субсидияланды. Жалпы сомасы 197,5 млрд.теңгеге 11 мыңға жуық жоба кепілдендірілді. Экономиканың зардап шеккен салаларындағы жалпы кредит сомасы 50 млрд теңгеге жуық 467 жоба субсидияланды. 62 млрд теңге сомасына 10 мыңнан астам микрокредит берілді.

Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау туралы айта келе, экономикалық ведомство басшысының орынбасары «БЖК-2025» шеңберінде болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуге оқыту және консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешені қарастырылғанын атап өтті. Ағымдағы жылы 14 мыңнан астам кәсіпкерге 16,5 мың теңге сервистік қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 41 мыңнан астам клиентке 85 мыңға жуық кеңес берілді.

«Бағдарламаларды іске асырудың барлық кезеңінде ШОК субъектілерімен 109 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, 49 трлн теңге сомасына өнімдер мен қызметтер шығарылды, жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге бюджетке салықтар төленді. Орта есеппен бюджеттен бөлінген 1 теңге субсидияға 6 теңге салық аударымы қайтарылады», - деді Ұлттық экономика министрінің орынбасары.

Салықтық ынталандыруларға келсек, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режімдерін қолданатын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері табыс салығынан босатылды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап зардап шеккен салаларда алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режімі енгізілді. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салық төлеу кейінге қалдырылды.

«Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап жаңадан құрылған өндірістік компаниялар үшін 70% мөлшерінде ҚҚС бойынша қосымша есепке алу құқығы беріліп, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне берілген қорғау құралдарының құны ЖТС-тен босатылды», - деді спикер.

Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттеу жүйесін құру үшін кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылды. Олар мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді, негізсіз реттеушілік талаптарға жол бермеуді, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің жүйелілігін, дәйектілігін және сабақтастығын көздейді. «1 in, 2 out» қағидатын – жаңа реттегіш құралды енгізу арқылы құқықтық реттеудің осы саласындағы екі құрал алынып тасталады. Тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда.

Тимур Жақсылықов күрделі эпидемиологиялық ахуал жағдайында бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтаудың негізгі тәсілінің бірі – Аshyq қосымшасын барлық жерде пайдалану екенін атап өтті.

«Бұл бизнес үшін кәсіпкерлік қызметтен пайда көру және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Бизнестің Аshyq қолданудағы адал көзқарасы мен жауапкершілігі маңызды», - деді бірінші вице-министр.

  • 03.09.2021
  • 318
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика