- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Жас көшбасшылар Президенттің бастамаларын талқылады
Онлайн-форматта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен талқыланды.
Онлайн-конференцияға республикалық жастар ұйымдарының, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, ғылыми-зерттеу институттарының, «Назарбаев Университетінің» өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, жас саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, экономистер қатысты.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мақсұтбек Айтмағанбет, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева Мемлекет басшысының отбасы институтын, әйелдердің гендерлік теңдігін және экономикалық және саяси ұстанымдарын нығайту жөніндегі бастамаларын атап өтті.
- 03.09.2021
- 170