• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.ТРҰМОВ: «ЖЕМ-ШӨП ТАСЫМАЛЫН ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНА АЛУЫ ҚАЖЕТ»

Маңғыстау облысында қысқы мал азығы қоры дайындалып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл айтты. Жалпы облыс бойынша осы жылға және қыс мезгілінен өту үшін 77 000 тонна шөп және 53 000 тонна жем қажет.
Жыл басынан бері қазіргі күнге дейін аймаққа 37 500 тонна шөп пен 22 мың тонна жем өзге өңірлер мен жергілікті жерден жиналды. 
2021 - 2022 жылдарға өңірдегі төрт түлікті қыстық мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің тапсырмасына сәйкес, бюджеттен қайтарымды қаражат ретінде мал азығына 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. (1,9 млрд. теңге – шөп, 3,4 млрд. теңге – жем). Бұл қаржыға жыл соңына дейін 26 мың тонна шөп пен 34 мың тонна жем сатып алынады деп жоспарлануда.
   Қазір аталған қаржының 600 млн теңгесіне мал азығын тасымалдайтын операторлар тағайындалып, өзге өңірлерден шөп тасымалдау жұмыстары басталып кетті.
  Сонымен қатар бүгінгі күні жергілікті шабындықта 14 бригада шөп шауып жатыр. Олар жыл аяғына дейін 15 мың тонна шөп дайындамақ. 
  Облыс әкімі С.Трұмов «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбіловке мал азығына бөлініп жатқан мемлекет қаражатын қадағалауды тапсырды. «Өңірдегі шаруаларға үкіметтен қаржы бөлініп, қайтарымсыз қаржылай көмек беріліп жатыр. Қысқы мал азығын дайындауға да мемлекет қазынасынан қаржы бөлінді. Облысқа өзге өңірлерден жем-шөп тасымалдануда. Осы жұмыстарды партиялық бақылауға алу қажет»,- деді С.Трұмов.
  Сондайақ апталық аппараттық жиында жылыту маусымына дайындық бойынша ақпарат берілді. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Қартбаевтың айтуынша биыл 556 шақырым электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күнге аталған жұмыстың  99 % орындалды. Сонымен қатар, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де энергетикалық құрал-жабдықтарын күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Атап айтқанда,   1-ші қазандық агрегатыда, 3-ші турбоагрегатында басталған жөндеу жұмыстары аяқталу саятысында. Жылыту маусымы басталғанға дейін аталған қазандықтар толық іске қосылады. 
Бұдан бөлек, жиында цифрлық технологиялар басқармасының басшысы А.Хадиев облысты цифрландыру бойынша арнайы концепция жасалып жатқанын айтты. Жоба экономика, білім, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік, спорт және мәдениет, көлік, телекоммуникация және ТҮКШ сынды 11 бағытты қамтымақ. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.09.2021
  • 255
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика