• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл Егіндібұлақта ауылішілік жолдардың 70% жөнделеді

Егіндібұлақ тұрғындары ауыл проблемаларымен, оның ішінде бос уақытты өткізу мен спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау мәселесімен бірнеше рет жүгінді. Ауылда мектеп пен Мәдениет үйі жөнделді. Аулалар абаттандырылып, балалар алаңдары орнатылуда. Көшелерге жарық тартылып жатыр. 100 орындық трибунасы, бокс, күрес, фитнес залдары және футбол алаңы бар Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Қазір металл конструкцияларын монтаждау және монолитті қабырғалардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша кентішілік жолдардың 70% орташа жөндеумен қамтылды. Жолдардың 50% - дан астамы асфальтталған. Мердігерге жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтау міндеті қойылды.

Қарқаралыда қаланы тұрақты орталық сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Биыл ұзындығы 40 шақырым болатын «Жарлы – Қарқаралы» топтық су құбырының құрылысы басталады. Оны тарту жоспар бойынша 2023 жылы аяқталуы тиіс.

Жақында салынған төрт көпқабатты тұрғын үйді қарап шықтым. Кезекте тұрған 72 отбасы осы үйлерден пәтер алады. Биыл Қарқаралы ауданының 108 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспаналы болады.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында М.Әдекенов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің жанынан 100 орындық жаңа жатақхана салынды.

Жергілікті туристік кластерді дамыту үшін жағалауды абаттандыру, экотуризмді дамыту мақсатында учаскелер бөлу жоспарлануда. Туристерді көптеп тарту үшін инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту маңызды.

Әзірше «Қарағанды – Қарқаралы» республикалық жолының жағдайына көптеген шағымдар түсуде. Бұл мәселені министрліктің қарауына шығаратын боламыз.

  • 10.09.2021
  • 313
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика