- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
«Отандастар» қорында Президент Жолдауын талқылады
Нұр-Сұлтандағы «Отандастар» қорының алаңында «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» басшылығының, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар Жолдауды талқылып, Президент белгілеген жоспарлар мен негізгі міндеттерді іске асыру бойынша пікір алмасты.
«Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов Жолдаудың осы тұстарына назар аударды: шетелде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқықтарын қорғау механизмдерін көрсете отырып, көші-қон саясатының тұжырымдамасын әзірлеу, елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударатын азаматтарға жәрдемақы бөлу.
Сонымен қатар, М.Сарбасов Қазақстанға көшуді жоспарлап отырған шетелдегі отандастар мен қандастарды қолдауға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Ол «Отандастар» қорының шетелде тұратын қандастарға Жолдаудың негізгі идеяларын түсіндірудегі маңызды рөлін атап өтті.
- 11.09.2021
- 210