- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Қазақстан халқы Ассамблеясы: Жолдауды жүзеге асыруда әрбір қазақстандықтың үлесі маңызды
Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және іске асыру бойынша республикалық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары және басқалар қатысты.
М.Әзілханов Мемлекет басшысының Жолдауы бірлікті, тәуелсіздікті, халықты біріктіретін құндылықтарды сақтау және нығайту қажеттілігі туралы қоғамға беріліп отырған белгі болып отырғандығын атап өтті.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі С.Егізбаев Министрліктің этносаралық қатынастарды дамыту және үйлестіру жөніндегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
- 11.09.2021
- 194