- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырында жөндеу жұмыстары басталады
13 қыркүйек күні Маңғыстау облысында магистралды газ құбырының «Бейнеу-Жаңаөзен» бөлігінде жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құбырлардың тозығы жеткендіктен, оларды ауыстыру қажеттілігі туындады.
«Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырында күрделі жөндеу жұмыстары 14 күнге созылады.
Аталған жөндеу жұмыстары тұрғындарға еш әсерін тигізбейді. Ақтау қаласы тұтынушыларына, оның ішінде «МАЭК-ҚазАтомӨндірісі» ЖШС-не қажетті табиғи газ Түркіменстан Республикасы тарапынан «Бегдаш» өлшем торабы арқылы қамтамасыз етіледі.
- 14.09.2021
- 171