• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Министр Ерғалиев Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі» «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды.

Жалпыұлттық жоспар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 7 бағыт пен 5 бастама бойынша 102 іс-шарадан тұрады.

 Бірінші бағыт шеңберінде 27 іс-шараны іске асыру көзделген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңге. Мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Ол бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселесін қамтиды.

«Өндірушіден тұтынушыға дейін» тізбегі бойынша бағаны бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган анықталады. «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң әзірленіп, онда ауыл шаруашылығындағы субсидиялау механизмі ұзақмерзімдік негізде бекітіледі», - деді Ә.Ерғалиев.

100 мыңнан кем емес жоғары санатты IT-маман даярлау, 2025 жылға қарай цифрлық саладағы қызмет пен тауар экспортын $ 500 млн-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету үшін Ұлттық геологиялық қызмет құру жоспарлануда.

Сонымен қатар экономикалық айналымға қатырылған кепілдік активтерді қайтару туралы заң жобасы мен отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауары бағасының қолжетімділігін және оның көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету бойынша шешімдер әзірленеді.

Екінші бағыт бойынша денсаулық сақтау саласында 8 іс-шара жоспарланған. Бірінші кезекте, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналар сатып алынып, сондай-ақ медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақ жүргізу орталығы құрылады. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасы жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Ә. Ерғалиевтің дерегінше, үшінші бағыт бойынша білім беру саласында 12 іс-шара жүзеге асырылады. Жоспарға сәйкес, «Білім туралы» Заңға типтік оқу жоспарын алып тастауға қатысты өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдерді қайта оқыту 3 жылда бір рет жүргізіледі. Қашықтықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру жалғастырылып, сондай-ақ «Цифрлық мұғалім» жобасы іске асырылады.

«Мемлекет дарынды балалар мен дарынды балалармен тікелей жұмыс істейтін педагогтарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Халықаралық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне грант пен біржолғы ақшалай сыйлық беріледі», - деді министр.

Мектептегі орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу жоспарланған. «Жас талап» жобасы шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамту қамтамасыз етіледі.

Жоспардың төртінші бағыты шеңберінде ағымдағы жыл соңына дейін «Агломерацияларды дамыту туралы» заң әзірленеді. Бекітілген Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес Өңірлерді дамыту жоспары өзектендіріледі.

«Стратегиялық инвесторлармен бірлесіп кемінде 2400 МВт жаңартылатын энергетика қуаты іске қосылады. Ортамерзімдік перспективада газдандыруды жүргізу және неғұрлым ластанған 10 қаланы баламалы энергия көздеріне көшіру жоспарлануда», - деді ҰЭМ басшысы.

Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 5 жыл ішінде барлық қалалар мен ауылдар таза ауызсумен қамтамасыз етіледі. Ресурстарды ұқыпты пайдалану мақсатында 120 канал қайта жаңартылып, 9 жаңа су қоймасы салынады.

Бұдан басқа, бюджеттік процестерді оңайлату, бюрократияны түбегейлі азайту және цифрлық құралдарды қолдануды кеңейту бойынша заңнамалық түзетулер енгізіледі. Жергілікті бюджеттердің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламаларында «халықтың қатысуы» бюджетінің үлесі ұлғайтылады.

Бесінші бағыт бойынша «Кәсіби біліктілік туралы» Заң, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын реттеу механизмі және көші-қон саясатының жаңа Тұжырымдамасы әзірленеді. Сонымен қатар елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударатын азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы механизмін қайта форматтау жоспарлануда.

Алтыншы бағытты іске асыру үшін, Әсет Ерғалиев хабарлағандай, ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленеді. Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны міндетті есепке алу туралы нормалар заңнамалық тұрғыда бекітіліп, сондай-ақ квоталанатын азаматтар санаты тізбесі кеңейтіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес мақсатында ортамерзімдік кезеңге арналған тиісті стратегиялық құжат бекітіледі. Сондай-ақ, Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіліп, алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешені әзірленеді.

Жетінші соңғы бағыт шеңберінде жаңа мәдениеттің талантты өкілдерін қолдауға бағытталған Нақты шаралар кешені әзірленеді.  Креативтік индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Мұның сыртында, «Ұлттық Рухани Жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде патриотизм, білімге ұмтылу және еңбекқорлық тәрізді қасиеттерді қалыптастыру шараларын әзірлеу көзделеді.  

«Мемлекет басшысының 5 бастамасын іске асыру мақсатында ең төменгі жалақы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын өсіруге ынталандыру шаралары әзірленіп, микро және шағын бизнес үшін Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі. Сондай-ақ, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін 20%-ке ұлғайту және тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы Банкіндегі» шотқа ең аз жеткіліктілік шегінен жоғары зейнетақы аударымдарының бір бөлігін аудару мүмкіндігін беру жоспарлануда», - деді А.Ерғалиев.

  • 17.09.2021
  • 345
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика