• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы ден қою шараларын ұсынды

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021-2024 жылдарға арналған Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің жобасын ұсынды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде инфляция қарқынын бекітілген нысаналы дәлізде ұстап тұруды тапсырды.

«2021-2024 жылдарға арналған Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені жедел және ортамерзімдік шаралардан тұрады. Бұл шаралар баға өсуін тежеуді және инфляция қарқынын бекітілген нысаналы дәлізде ұстап тұруды көздейді», - деді Әсет Ерғалиев.

ҰЭМ басшысы 2021 жылғы 8 айда инфляция 8,7%-ті құрағанын хабарлады. Оның 50%-тен астамы азық-түлік тауары бағасының өсуіне тиесілі. Бұл ретте ағымдағы жылғы тамызда инфляцияның ай сайынғы өсуі 0,5%-ті құрады. Маусымдық фактор мен кейінге қалдырылған сұраныс әсерінен ақылы қызмет пен азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы өсті. Тамызда ақылы қызмет бағасының өсуі 0,8%-ті, азық-түліктік емес тауар бойынша – 0,6%-ті, азық-түлік тауары бойынша – 0,1%-ті құрады.

Инфляцияға қарсы шараларды ұсына отырып, министр Кешенді жоспардың негізгі тәсілдерін атап өтті.

«Біз тауар ұсынысын кеңейтуді көздейтін 2021 жылға арналған жедел шараларды қарастырдық. Олар бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды ұйымдастыруды, форвардтық шарттар мен «айналым схемасы» шеңберінде өндірушілердің қажеттілігін айқындауды қоса алғанда, 16 іс-шараны іске асыру жоспарлануда», - деді Ә.Ерғалиев.

Талдау және ұйымдастыру шаралары бойынша скрининг, сауда процестерін цифрландыру, тамақ өнеркәсібінің жүктелмеген және тоқтап тұрған қуаттарын мониторингтеу және талдау жоспарланған. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасын үйлестіруді бақылауды институционалдық күшейту жоспарлануда.

Монополияға қарсы шара бойынша сауда үстемелерінің негізділігін бақылауға, бағаны өзара келісу белгілерін анықтауға және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.

2024 жылға дейінгі инфляциялық ден қоюдың ортамерзімдік шараларына келсек, тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз ету, импортты алмастыратын жобаларды іске қосу, бағаларды әкімшілік реттеуден кету мен дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізу жоспарлануда.

«Инфляцияға қарсы ден қою шараларын тиімді іске асыру және олардың орындалуына мониторинг жүргізу үшін Сауда және интеграция министрлігі жанынан тұрақты жұмыс істейтін операциялық штаб құру ұсынылады. Оның құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді», - деді экономикалық ведомство басшысы.

Отырыс қорытындысында Үкімет мүшелері 2021-2024 жылдарға арналған Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің жобасын мақұлдады.

  • 17.09.2021
  • 337
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика