• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мерзімін ұзарту туралы ақпараттық хабарлама

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау 2022 жылға дейін ұзартылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жобаларын қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңге. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) өңдеуге 300 млрд теңге, АӨК-тегі өндіруге 300 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге 400 млрд теңге көзделеді.

Айта кету керек, қаржыландыруды ҚР Ұлттық Банкі өз қаражаты және басқаруындағы қаражат есебінен ұсынады. Бағдарламаның операторлары –екінші деңгейдегі банктер және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы (бұдан әрі - БЖК-2025) өз жұмысын жалғастырады.  

Еске салсақ, «Қарапайым заттар экономикасы» 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда және ол кредит бойынша проценттік мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауды және кредиттерге кепілдік беруді қарастырады. Соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме 6%-ке дейін төмендетілді. Кредиттеу мерзімі 10 жылдан аспайды. Кредит сомасына шектеу жоқ.

«БЖК-2025» бағдарламасымен 2020 жылдан бастап салалық шектеусіз жылдық 6% мөлшерлемемен, 5 жыл мерзімге, кредит сомасы 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген кредит беріледі. «БЖК-2025»-ті қолдаудың негізгі қаржы құралдарына проценттік мөлшерлемені субсидиялау және кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу кіреді. Кәсіпкерлерді қаржысыз қолдаумен бизнесті жүргізуді оқыту және болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешені көзделген.

«БЖК-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын іске асырудың барлық кезеңінде шағын және орта кәсіпорын субъектілері 106 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрған. 36 трлн теңге сомасына өнімдер мен қызметтер шығарылып, жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге бюджетке салық төленді.

  • 17.09.2021
  • 287
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика