• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ қаржыландыруымен жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы басталды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) тәулігіне 1 200 тоннаға дейін майлы дақылдарды қайта өңдеу қуаты бар жаңа май экстракциялық зауыт салу бойынша «Масло-Дел Петропавл» ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру үшін кредиттік желі ашты.

Жаңа экстракциялық зауытты іске қосу майлы дақылдарды қайта өңдеу, өсімдік майын, атап айтқанда зығыр және рапс майын, сондай-ақ ірі қара малға арналған жемді (күнжара) өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. 100% жобалық қуаттылыққа шыққан кезде кәсіпорын жылына 180-300 мың тонна майлы дақылдар тұқымын қайта өңдеуді жоспарлап отыр, бұл майлы тұқымдардың жылдық жалпы түсімінің 7,6-12,7%-ын құрайды. Жоба толығымен экспортқа бағдарланған болып табылады, өсімдік майын іске асырудың негізгі бағыты Қытай, ал жемшөп экспорты үшін Еуропа, Ресей және Қытай таңдалды. «Масло-Дел Петропавл» ЖШС өкілдері зауытты 2023 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр, жалпы сыйымдылығы 58 мың тонна майлы дақылдарды бір мезгілде сақтау үшін жұмыс істеп тұрған меншікті астық сақтау қоймасының аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мыналарды қамтамасыз етеді: шикізат ресурстарына жақындығы, заманауи еуропалық жабдықтар мен жаңа технологияларды пайдалану, жоғары білікті кадрлардың болуы және ұқсас жобаларды іске асыруда компанияның көп жылдық тәжірибесі. Сонымен қатар, «Масло-Дел» ЖШС-нің майлы дақылдар тұқымдарын зауытпен бір алаңда сақтауға арналған жеке элеваторы бар, бұл өзіндік құнды айтарлықтай төмендетуге және май тұқымдарын неғұрлым қолайлы бағамен сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 15 млрд теңгені құрады, оның 73%-ы – 11 млрд теңге, оны ҚДБ 12 жыл мерзімге қарыз түрінде берді. Жоба "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Банктің кредиттік қаражаты іске қосу-реттеу жұмыстарын қоса алғанда, жабдықты сатып алуға және монтаждауға арналған.

Зауытты іске қосу майлы дақылдар тұқымын өндіру бойынша көшбасшы болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Осылайша, кәсіпорынның әсерлі өңдеу қуатын ескере отырып, зауыт жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне күнбағыс, зығыр және рапс сияқты майлы дақылдарды себуді ұлғайтуға қосымша ынталандыру болады. Зауытты іске қосу қосымша 217 жұмыс орнын құруға, сондай-ақ өндіріс көлемін және өнім экспортын жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өңірдегі өңдеу үлесін 30%-дан 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Масло-Дел» компаниясының экспорты бұлжытпай өсуде: 2015 жылы өнім экспорты 2,44 млрд теңгені, 2020 жылы – 10,16 млрд теңгені, 2021 жылғы қаңтар-тамызда-11,48 млрд теңгені құрады. 2015 жылдан бастап экспорт 5 еседен астам өсті, ал зауыт іске қосылғаннан кейін экспорт қазіргі деңгеймен салыстырғанда тағы 2 есе өседі. Өндіріс көлемінің ұлғаюы бюджетке салық түсімдеріне де оң әсер етеді, жылына шамамен 1,2 млрд. күтілуде.

  • 24.09.2021
  • 420
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика