• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Оймаша» полигонында өткен «Отпантау-2021» шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды.

Жоғарғы Бас қолбасшы Бас штабтың алдыңғы шептегі пунктін аралап көріп, Қорғаныс министрінің, әуе қорғанысы, құрлық әскері, әскери-теңіз және десант-шабуылдаушы әскерлер күштері басшыларының, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің баяндамасын  тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы мақсаттағы бөлімдердің дайындығын тексеріп, қару-жарақтар мен техникалардың заманауи түрлерін көрді, сондай-ақ Ақтаудағы әскери госпиталь мен Маңғыстау облысындағы авиациялық инфрақұрылымның құрылыстарына қатысты презентациямен танысты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жүргізілген әскери әдіс-тәсілдердің көрсетілімін биік мінберден тамашалады.

Оқу-жаттығу жиынының тәртібі бойынша әртүрлі әскер топтарының шартты қарсыластарына қарсы жүргізген әскери іс-қимылдарының қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне негізделген жаңа әдіс-тәсілдері іс-жүзінде көрсетілді. Әскер топтарының іс-қимылдары барысында әуедегі және жердегі барлау әрекеттері жүзеге асырылды. Оның нәтижелері ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен аралас авиация бөлімдеріне тура соққы жасалатын нысандарды көрсетіп отырған басқару пунктіне беріліп отырды.

Сонымен қатар шартты қарсыластардың ұшқышсыз басқарылатын аппараттарына қарсы күрес ұйымдастырылып, контрбатареялы соғыстың заманауи әдістері қолданылды.  Оқу-жаттығу жиыны барысында әскерлердің ұтқырлық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуге назар аударылды.

Бұдан бөлек Президентке Қарулы Күштердің, ведомствоаралық бөлімдердің, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жүргізген іс-қимылдары онлайн режимде көрсетілді. Атап айтқанда, Каспий теңізі айдынында әскери теңіз күштерінің авиация мен арнайы операциялар күштерінің қолдауымен еліміздің экономикалық нысандарын қорғауға бағытталған іс-қимылдары жүргізілді. Осындай әскери оқу-жаттығу жиындары Қарағанды облысындағы «Сарышаған», «Спасск» және Алматы облысындағы «Көктал» полигондарында өтті.

Әдіс-тәсілдер көрсетілімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер алдында сөз сөйлеген Жоғарғы Бас қолбасшы «Оймаша» полигонында өткізілген оқу-жаттығу жиынының маңызы зор екенін айтты.

– Бұл тарихи мекен – елдік пен ерліктің, бірлік пен тұтастықтың символы. Ел шетіне жау тигенде бабаларымыз осы таудың басына «Ұран отын» жаққан. Жауапты сәтте бір тудың астына жиналған. Сондықтан жұртымыз оны «Бірліктің оты» деп атаған. Ерлеріміз туған жерді қорғау үшін жорыққа Отпантаудың бауырынан аттанған. Осы жерде ұлт тағдырын шешетін маңызды жиындар өткен. Бұл игі дәстүр қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Біз батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Сонымен бірге дәстүр сабақтастығын сақтаймыз. Ең бастысы, байтақ даланы ұрпағына мирас еткен бабалар аманатына адал болып, Отанымызды қорғаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент әскери оқу-жаттығу жиындарында, соның ішінде халықаралық деңгейде тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан еліміздің Қарулы Күштерінің әскери дайындығының деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ әскеріміздің нақты соғыс жағдайында да биіктен көрінетініне сенім білдірді.

– Армияда үнемі жаңғыру үдерісі жүргізіледі. Бұл заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге дайындығымызды қамтамасыз етеді. Арнайы операциялар жүргізетін күштер, барлау бөлімдері мен арнаулы мақсаттағы бөлімшелер қарқынды дамып келеді. Диверсиялық әрекеттерге  қарсы іс-қимылдар пысықталады. Тура соққы жасайтын қарулар мен ұшқышсыз басқарылатын құралдар кеңінен қолданыла бастады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілер алдында сөйлеген сөзінде өңірдегі әскери-саяси ахуалдың күрделену жағдайында өткен бүгінгі кешенді оқу-жаттығу жиыны күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы биліктің дағдарыс жағдайын ауыздықтауға әзірлігін көрсеткенін жеткізді.

 

  • 24.09.2021
  • 294
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика