- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Тарифтік ведомствоның басшысы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның баспасөз турына қатысты
2021 жылғы 17 қыркүйекте, Петропавл қ. электр және жылу энергиясын өндіру саласындағы табиғи монополия субъектісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтті.
Баспасөз турды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның нысандарына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мониторинг жүргізуге шешім қабылдады.
Ол сондай-ақ «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларымен, оның ішінде осы инвестициялық бағдарлама асяында 2021 жылы орындалған және орындалуы жоспарланған жұмыстармен танысты.
Аталған баспасөз турына уәкілетті орган мен субъект өкілдерінен басқа, жұртшылық пен БАҚ өкілдері де қатысты.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы бас инженердің м.а. - Торохтий Сергей Николаевич айтып берді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның өкілі баспасөз турына қатысушыларына қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізгеннен кейін, Петропавл 2-ЖЭО-ның жалпы жұмысымен таныстырды, онда қатысушылар Бас басқару қалқаны, ашық тарату құрылғысы (бұдан әрі-АТҚ), турбина цехы және 2-ЖЭО-ның басқа да нысандары қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көре алды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да өндірістік процестерді жетілдіру мақсатында, бекітілген тарифтік смета шеңберінде инвестициялық бағдарламаны іске асыру жүргізілуде, онда генерацияны арттыруға, жылу және электр энергиясын беру кезінде шығындарды азайтуға, оның ішінде кәсіпорын қызметінің экологиялық параметрлерін жетілдіруге бағытталған, жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ірі ауқымды іс-шаралар көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, 2016-2020 жылдардағы алдыңғы бесжылдық аясында инвестициялар сомасы 4538,6 млн.теңгені құраған болатын.
2020 жылы 755,2 млн. теңге сомасында инвестиция игерілді, атап айтқанда № 6 қазандық агрегатының бу трактісі қайта жаңартылды. Газ шығару жолының бүйір панельдерін ауыстыру қазандық агрегатының авариялық тоқтатылуын төмендетуге, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға және электр энергиясының жеткіліксіз шығару қаупін азайтуға әкеледі. Сондай-ақ, № 6 қазандық агрегатында ТП АБЖ бағдарламалық-техникалық кешені жаңғыртылды, бұл кешеннің компьютерлік жабдығының істен шығу тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Станцияда парктік ресурсты ұзарту және жабдықты одан әрі пайдалануға рұқсат беру үшін қажетті, № 4 және 5 қазандық агрегаттарының барабандарына күрделі жөндеу жүргізілді. 110 кВ АТҚ жабдықтарының физикалық тозуын азайту мақсатында жаңа 3ГТ автотрансформатор орнатылды.
Бүгінгі таңда субъект 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бес жылдық инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді, ол жалпы сомасы 7 288 174 мың теңгеге бекітілді, оның ішінде 2021 жылға арналған инвестициялар сомасы 837 207 мың теңгені құрайды.
2021 жылғы инвестициялық бағдарламаның іс-шараларынан бүгінгі күні №7 ст.қазандық агрегатын қыздыру беттерін ауыстыра отырып, қайта жаңарту аяқталды. Жез түтік пен құбыр тақталарын ауыстыра отырып, №2 ст.50 КЦС-4 ТҚ конденсаторының сол жақ жартысын жаңғырту, №2 ст. ПНД-2 ТҚ ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады.
Келесі 2022-2024 жылдарға арналған инвестициялық салымдар мынадай іс-шараларды орындауды көздейді:
2022 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 1 119 479 мың теңге көлемінде бекітілді.
Жоспарланған іс-шаралар:
- ПТЭЦ-2 отын беруді қайта жаңарту;
- №8 ст. қазандық агрегатын қыздыру беттерін ауыстыра отырып қайта құру.
2023 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 1 418 482 мың теңге көлемінде бекітілді.
Жоспарланған іс-шаралар:
- ПТЭЦ-2 отын беруді қайта жаңарту;
- ПСВ -500-3-23 ОБ№ 2 БУ №6 жылытқышын ауыстыру;
- ПСВ -500-14-23 ПБ№ 2 БУ №2 жылытқышын ауыстыру;
- Қоректік сорғыларды ауыстыра отырып, су қоректендіру қондырғысын қайта жаңарту;
- Асинхронды қозғалтқышы және №10 ст. гидромуфтасы бар электрсорғылық ЭП-315-150 агрегатын ауыстыру;
- Қазандық жабдықтарын қайта жаңарту;
- №11 ст. қазандық агрегатын қыздыру беттерін ауыстыра отырып қайта құру.
2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 1 772 690 мың теңге көлемінде бекітілді.
Жоспарланған іс-шаралар:
- ПТЭЦ-2 отын беруді қайта жаңарту;
- ПСВ -500-14-23 ПБ№ 2 БУ №3 жылытқышын ауыстыру;
- Қоректік сорғыларды ауыстыра отырып, су қоректендіру қондырғысын қайта жаңарту;
- Асинхронды қозғалтқышы және №3 ст. гидромуфтасы бар электрсорғылық ЭП-315-150 агрегатын ауыстыру;
- Қазандық жабдықтарын қайта жаңарту;
- №9 ст. қазандық агрегатын қыздыру беттерін ауыстыра отырып қайта құру.
2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 2 140 316 мың теңге көлемінде бекітілді.
Жоспарланған іс-шаралар:
- ПТЭЦ-2 отын беруді қайта жаңарту;
- ТП АБЖ орнатумен № 3 ст. турбоагрегатты қайта жаңарту;
- ПСВ-500-14-23 ПБ№1 БУ№6 жылытқышын ауыстыру;
- ПСВ-500-3-23 ОБ № 3 БУ№6 жылытқышын ауыстыру;
- ПСВ-500-3-23 ОБ № 1 БУ№6 жылытқышын ауыстыру;
- Жез түтік пен құбыр тақталарын ауыстыра отырып, №7 ст. 100КЦС-4Б конденсатордың оң жартысын жаңғырту;
- Қазандық жабдықтарын қайта жаңарту;
- №10 ст. қазандық агрегатын қыздыру беттерін ауыстыра отырып қайта құру.
Баспасөз туры барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарға және субъектінің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарға жауап алды.
ТМРК төрағасы Асан Дарбаев Петропавл 2-ЖЭО-ның инвестициялық бағдарлама аясында тұтынушыларды үздіксіз және сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындардың бірі болып табылатынын атап өтті.
««СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарлама, қазіргі уақыттағы өндірістерде апатты жағдайлардың жиілеп кетуіне байланысты, өз тұтынушыларын сапалы және үздіксіз жылу электр энергиясымен қамтамасыз етуі тиіс»,-деп атап өтті Асан Дарбаев баспасөз турының соңында.
Айта кету керек, бұл баспасөз турлары жыл сайын қоғамға ТМС-ның инвестициялық бағдарламаларында көзделген іс-шараларды орындау бойынша монополистердің қызмет көрсетулері мен шығындарының ашықтығын жариялау мақсатында өткізіледі.
Петропавл 2-2ЖЭО-сы - осы жылы ТМРК басшысы келген алғашқы нысан. Бұдан әрі Асан Дарбаев бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау аясында өз міндеттемелерінің орындалуын бақылау мақсатында басқа да маңызды монополист-субъектілерінің нысандарына баруды жоспарлауда.
- 27.09.2021
- 294