- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің құқықтық реттеу мәселелерін қазақстандық және халықаралық ҮЕҰ талқылады
Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, бірқатар қазақстандық және халықаралық ҮЕҰ: USAID, Америкалық заңгерлер қауымдастығы (ABA ROLI), Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы және т.б. қатысуымен «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеудің тұжырымдамалық мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысты. Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, коммерциялық емес ұйымдар қызметінің құқықтық реттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді реттеу саясатының консультативтік құжатын әзірлеп жатқанын атап өтті.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- 28.09.2021
- 222