• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шымкент қаласының ҚХА құрылымдары басшыларымен және этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесу

28 қыркүйекте Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин ҚХА құрылымдарының басшыларымен және қаланың этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы мәселелері, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.

М. Әзілханов Президенттің жаңа Жолдауының ерекше маңыздылығын, Жолдаудың «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталатын жетінші бөлімі татулық пен келісім саясаты мәселелеріне арналғанына айрықша тоқталды.
«Биылғы Жолдау – ел бірлігін сақтаудың маңызын және Тәуелсіздікті нығайту қажеттілігін ұғындыратын айрықша құжат. Баршамызды біріктіретін құндылықтардың арқасында біз 30 жыл татулық пен келісімде өмір сүріп келеміз, тәуелсіз Қазақстанды құрдық, Тәуелсіздіктің ұрпағын өсірдік» деп атап өтті спикер. Ол 
қалалық ассамблея өкілдерін жаңа Жолдауды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Шымкент ассамблеясы өзекті мәселелерді шешуге әрдайым белсене атсалысады, қаланың этномәдени бірлестіктері азаматтық қоғам институттары ретінде жақсы дамыған. Олар Арыс қаласының жарылыстан зардап шеккен тұрғындарына алғашқылардың бірі болып көмекке келді. Бірінші жарылыстардан кейінгі алты сағат ішінде Достық үйінде ассамблеяның республикалық штабы құрылды, ол зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.

М. Әзілханов атап өткендей, қалалық ҚХА ағартушылық және әлеуметтік-бағдарлық жұмысқа баса назар аударуы тиіс, этномәдени бірлестіктер және олардың белсенділері – өз этностарының топтарымен өзара тығыз іс-қимыл жасауға, қызметтің жаңа нысандарын қарастыруға бағытталуы аса маңызды.

Қалалық ҚХА, «Қоғамдық келісім» мекемелері мен Достық үйлерінің қызметін жобалық тәсілдеме мен мәні қағидатында қайта құру қажет, өңірлерде этносаралық қатынастарға теріс әсер ететін нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық берілуі тиіс.

Іс-шарада ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қалалық штабының тиімді қызметін қамтамасыз ету, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Өңірлік деңгейде жастар саясатын іске асыруда оның кешенді ықпалдасуын қамтамасыз еткен жөн.

ҚХА Төрағасының орынбасары жұмыс сапары аясында Шымкент қаласындағы өзбек этносының зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді және «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне, Қазақстан халқы Ассамблеясының  қалалық ғимаратына барды.

  • 29.09.2021
  • 278
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика