• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Тарифтерді белгілеу тәжірибесі» атты үш күндік семинар басталды

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен Коммуналдық кәсіпорындарды реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің ұлттық қауымдастығы (НАРУК) ұйымдастырған «Тарифтерді белгілеу тәжірибесі» тақырыбындағы үш күндік семинар бүгін басталып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Өңірлік семинар Орталық Азиядағы реттеуші органдарға тарифтерді белгілеудің ең үздік тәжірибелерін әзірлеу кезінде қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған іс-шара презентацияларды, практикалық мысалдарды және әртүрлі елдердің практикалық мысалдарын пайдалана отырып, тариф белгілеуге байланысты мәселелерді талқылауды қамтиды.

Сонымен қатар, семинар барысында Орталық Азия елдерінде қолданылатын түрлі тәсілдер талқыланады.

Аталған семинарда ТМРК атынан Төрағаның орынбасары Нұрлан Жалғасбаев сөз сөйлейді.

ТМРК-мен қатар, семинарға Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Отын-энергетика кешенін реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік, Өзбекстан Республикасының Қаржы министрлігі, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Монополияға қарсы қызмет және Түрікменстан Энергетика министрлігі қатысады.

Бүгін, семинардың бірінші күні Орталық Азияның реттеуші органдарының өкілдері өздері жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық орта туралы презентациялар ұсынып, өз елдерінде тарифтерді белгілеу тәжірибесін талқылайды.

Жалпы, семинар ТМРК-ның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің 70-ке жуық қызметкерін қамтиды.

Сондай-ақ, семинардың күн тәртібіне сәйкес коммуналдық кәсіпорындарды экономикалық реттеу және Молдова мысалында қажетті кірісті анықтау бойынша шолулар таныстырылады.

Келесі күндері қатысушылар келесі сұрақтарды қарастырады:

- Гавайи штатының, АҚШ мысалында тиімділік көрсеткіштері негізіндегі тарифтік мөлшерлемелер;

- қызметтер құны негізінде реттеудің екінші компонентіне шолу – шығындарды бөлу;

- реттеуші органдардың тұтынушылар сыныптары арасында талап етілетін табысты бөлуі бойынша Грузияның практикалық мысалы;

- қызметтер құны негізінде реттеудің үшінші компонентіне шолу – тарифтік мөлшерлемелер құрылымы;

- практикалық мысалда тарифтік ставкаларды әзірлеу;

- АҚШ-тағы реттеуші органдар пайдаланатын тарифтік ставкаларды белгілеу процесіне шолу.

Ал баяндамашылардың үш күндік презентацияларының қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия елдерінің энергетика саласындағы реттеумен, инфрақұрылыммен, тарифтермен және субсидиялармен байланысты кездесетін мәселелерді талқылайды.

Жалпы, семинар Комитет қызметкерлері үшін басқа елдерде тарифтерді белгілеу тәжірибесін түсіну тұрғысынан өте қызықты және танымды болуы тиіс.

  • 29.09.2021
  • 306
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика