• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының бірқатар лауазымды тұлғаларына «Nur Otan» партиясының жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асырмағаны үшін сөгіс жаряланды

28 қыркүйекте, Маңғыстау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалында Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары мен бірқатар аудан әкімдеріне сөгіс түріндегі партиялық жаза жарияланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралды. Жоспарға әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол инфрақұрылымы, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б.112 шара енгізілген. Аталған жобалардың толық және мерзімінде орындалуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етпек.

Отырыста аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары тыңдалды.

Саяси Кеңесі Бюро отырысында бекітілген жол картасының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды міндеттемелерін орындау аясында "Nur Otan" партиясының облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды бағдарламаларына жүйелі мониторинг ұйымдастырылған. Облыста және аудандар мен қалаларда арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде.

Жалпы алғанда, осы жылдың 8 айында өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижесінде барлығы 112 іс-шараның 41-і орындалды, 6-ы орындалу сатысында, алтауының  орындалмау қаупі бар, 4-і ауыстыруды қажет етеді.

- Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден жол картасын сапалы жүзеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақтауға міндеттіміз. Жоспардың орындалмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі байланыстың жоқтығын көрсетіп тұр. Бұл іске деген жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана алдымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз,-деді Нұрлан Ноғаев.

Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына, Қарақия және Бейнеу аудандарының әкімдеріне «Nur Otan» партиясының жол картасын дұрыс бақыламағаны және тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде партиялық жаза берілді.

Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға өздеріне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды

  • 29.09.2021
  • 250
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика