• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда

25 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланған  жиын өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ардагерлері, шаруа қожалықтарының иелері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Төрт сағатқа созылған басқосуда мал иелері мен мемлекеттік орган өкілдері сындарлы сұхбат құрып, пікір алмасты.

Кездесуде жем-шөп дайындау, мал жайылымына жер беру, құдық қазу сынды бірқатар мәселелер қаралды. Аймақ басшысы белсенділік танытқан азаматтарға алғысын айтып, жауапты тұлғаларға ауыл шаруашылығы саласын жақсартуға арналған әр азаматтың ұсынысын зерделеуді тапсырды.

Жиында сондай-ақ қазіргі таңда Маңғыстау облысының әкімдігі мал суаруға қажетті құдық қазуға арналған субсидияның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны айтылды. 

- Төрт түлік үшін судың аса маңызды тіршілік көзі екенін барлығымыз білеміз. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келген сапарында Үкіметке құдық қазуға берілетін субсидия көлемін 50-ден 80 процентке дейін арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек, қазір біз құдық қазуға жұмсалатын шығындардың тағы 10% жергілікті бюджеттен субсидиялауды қарастырып жатырмыз. Нәтижесінде субсидияны 90% - ға дейін ұлғайтқымыз келеді. Мәселе мұқият зерделеніп, оң шешімін тапса, облыстық мәслихатқа ұсынатын боламыз, - деді өңір басшысы.

Нұрлан Ноғаев сондай-ақ жиналғандарды ауыл шаруашылығын дамыту мен мал бағуда тиімді тәсілдерді қолдануға шақырды. 

- Биылғы қуаңшылық облыстағы барлық мал иесінің басына түскен ортақ қиыншылық, ортақ сынақ болды. Біз бұл тығырықтан бірлескен жүйелі жұмыстың арқасында ғана шыға аламыз. Сала ардагерлерінің тәжірибелері мен кеңестері өте маңызды, оны міндетті түрде пайдаланамыз. Сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысқысы келетін әр шаруа өз мүмкіндігін ескергені дұрыс. Табиғи және климаттық жағдайлар бар, жем-шөп базасы болу керек, малды бағу қажет дегендей. Мемлекеттік органдар заң шеңберінде барынша көмектеседі, бірақ әрбір азаматтың малы үшін жауап бермейді. Ауыл шаруашылығын нәтижелі жүргізу үшін жүйелі жұмыс істеу керек,- деді облыс әкімі.

  • 29.09.2021
  • 265
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика