• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бауыржан Байбек Nur Otan партиясының Қарағанды облысындағы жол картасының орындалу барысын тексерді

Біздің өңірге «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен келді.

Сапардың мақсаты – партияның Жол картасының орындалуына мониторинг жүргізу. Мемлекет басшысының инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты айтқан бастамаларына ерекше назар аударылады. Түсінбеушілік пен немқұрайлылыққа жол бермеу, әрбір ерекше баланы әлеуметтік ортаға тарту – біздің ортақ міндетіміз.

Мәселен, Әл Фараби атындағы Қарағанды мектеп-гимназиясында инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысып, оқушылардың ата-аналарымен әңгімелестік. Ата-аналардың айтуынша, заманауи әдістемелер мен «Болашақ» қоры оқытқан мамандардың арқасында олардың балаларының әлеуметтік және академиялық дағдылары айтарлықтай жақсарған.

Соңғы екі жылда облыстың сегіз мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Оның төртеуі «Болашақ» қайырымдылық қорымен бірлесіп ашылған. Инклюзивті тәжірибеден өткен педагогтердің үлесі 32-ден 60% -ға өсті. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз.

Осакаровка кентінде «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығы жанындағы жаңартылған техноорталыққа бардық. Сайлауалды уәделерін іске асыру аясында мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи жабдықтар сатып алынған. 654 білім алушы үшін 26 тегін үйірме, оның ішінде бағдарламалау студиясы, робототехника, жасанды интеллект, баламалы энергетика зертханалары қолжетімді болды. Оқытушылар арасында «Дипломмен – Ауылға» бағдарламасының қатысушылары бар.

Осакаров технопаркінен басқа Ақтоғай ауданында Қосымша білім беру сарайы, Қарағандыда Жасөспірімдер сарайы, Жаңаарқа ауданында Жасөспірімдер үйі ашылды.

Қарағанды Достық үйінде ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ақсақалдармен әңгімелестік. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында мұнда лингафон сыныптары, би және спортпен айналысуға арналған зал, сондай-ақ егде жастағы адамдарға арналған шығармашылық және оқыту сыныптары жұмыс істейді.

  • 30.09.2021
  • 236
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика