- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
30 қыркүйекте онлайн-форматта Қазақстан мен Ресей Президенттерінің қатысуымен Форум өтті
2021 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн форматта өткен екі елдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты.
Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігінің басым бағыттары талқыланды.
Іс-шара екі мемлекеттің өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылау, екі жақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасын жандандыру үшін тиімді алаң болып табылады.
Талқылауға қатысушылар трансшекаралық су объектілерін басқару, климаттың өзгеруі және декарбонизация, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау мәселелерін талқылады.
Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.
- 30.09.2021
- 239