• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бірлік пен келісімді нығайтудың ең маңызды және өзекті мәселелері әрқашан Түркістан ассамблеясының басты назарында

30 қыркүйек күні Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Түркістан облысы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқаманов және ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының атқаратын қызметі, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі алдағы шаралар талқыланды.

Түркістанның және облыстың дамуы ел басшылығының ерекше бақылауы мен жіті назарында. Түркістан өлкесі – түркі әлемінің киелі жері, ал Түркістан қаласы – оның мәдени және рухани астанасы, қазақ ұлтының қалыптасуының тарихи орталығы.

«Мемлекет басшысы күн тәртібіне этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет – Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру міндетін қойды. Болашағы біртұтас ұлт қандай болады? Болашағы біртұтас ұлт – мемлекеттік қазақ тілі этносаралық қатынас тілінің рөлін атқаратын азаматтық қауым. Ал қазақстандық патриотизм мен азаматтық қауым елдің барша этностары мен азаматтарының этностық және діни наным-сеніміне қарамастан біртұтас біріктіруші қағидатқа айналады», – деп атап өтті спикер.

Жиын барысында көптеген этномәдени орталықтар басшылары сөйлеп, ойларын ортаға салды. Ал соңында сөз алған Түлкібас ауданы Түрік этномәдени орталығының төрағасы Әбілов Жұмабек Жолшыұлы «Қазақстанда туып, өсіп-өніп қазір осы халыққа қызмет етіп жатырмыз. Қазір қоғамда «басқа ұлттар, өзге ұлттар» деген терминдер бар. Мен өзім қазақ ауылында туып, қазақ мектебінде оқыдым. Қазақ балаларымен бір балабақшаға барып, бір мектепте оқып ер жеттім. Енді келіп мені «мынау менің сыныптасым, ауылдасым, түрік досым, өзге ұлттың өкілі» деп айтса шыдай алмай ренжимін, көңіліме келеді. Біз бәріміз бір бауырмыз, туыспыз. Осы елдің туын көтеріп, тілінің мәртебесін асқақтатып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуға әрқашан да дайынмын» деп ағынан жарылды.

Сонымен қатар, ҚХА Төрағасының орынбасары Сауран ауданының этномәдени бірлестіктері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шарада этносаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланып, этносаралық қатынастарға ықпал ететін нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аударылды.

 

Анықтама үшін: Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен  ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.

Облыста 11 этномәдени бірлестік (өзбек, славян, түрік, күрд, иран, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, әзірбайжан, грек және «Ынтымақ» этносаралық этномәдени бірлестігі) бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

 

  • 01.10.2021
  • 369
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика