• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қоғамдық келісім» КММ қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

2021 жылы 29-30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және өңірлердің Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңес отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н. Дементьева және А. Амирханян, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, «Қоғамдық келісім» КММ өңірдегі басшылары қатысты.

Отырыс барысында «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйлері және ҚХА қоғамдық құрылымдары қызметінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері қаралды.

Іс-шараға қатысушылар Достық үйлерінің түрлі этностарды топтастырудың және бірлік пен келісім идеясын таратудың орталығы ретіндегі рөлін дамыту жөніндегі одан арғы іс-қимылдардың негізгі бағыттарын, өңірлердегі этносаралық мәселені зерделеу негізінде ҚХА-ның қызметін жандандыру, қазақ халқының мәдениетін, тілі мен дәстүрін дамытудың шоғырландырушы факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуды талқылады. Сондай-ақ этномедиацияны, волонтерлік және қайырымдылық институтын одан әрі дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың қазіргі заманғы әдістерін ілгерілету үшін белсенді жастар ұйымдарын ҚХА жұмысына тарту, Журналистер клубы және этноБАҚ-пен бірлесіп ҚХА қызметін ақпараттық сүйемелдеу және т.б. мәселелер қаралды.

ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА-ның маңызды және қызықты жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер қойды. М.Әзілхановтың айтуынша, инновациялық әдістерге негізделген ҚХА қызметінің жаңа форматы басты міндеттерді – Қазақстан халқының бірлігі мен бейбітшілігін нығайтуды одан әрі шешуге мүмкіндік береді.

Кездесу аясында өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары баяндама жасап, тәжірибелерімен алмасып, атқарылған жұмыс қорытындыларымен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар Достық үйлерін түрлі этностарды біріктіру орталығы ретінде дамыту, мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, өңірлердегі этносаралық ахуалды зерделеу бойынша түрлі мәселелерді талқылады. Этномедиацияны, волонтерлік және қайырымдылық институтын одан әрі дамыту, ҚХА жұмысына белсенді жастар ұйымдарын тарту, ҚХА қызметін ақпараттық сүйемелдеу тәсілдері әзірленді.

Сонымен қатар, ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары ақпараттық жұмыстың заманауи әдістерін оқыту бойынша семинар-тренинг өткізді, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.

 

Анықтама: Республика бойынша 37 Достық үйі жұмыс істейді, оның ішінде: 1 - республикалық Алматы қаласында, 15 – облыстық және Нұр-сұлтан мен Шымкент қалаларында, 7 – қалалық, 14 - аудандық.

16 Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ орналасқан.

Өңірлердегі достық үйлерінде 291 этномәдени бірлестік, 17 медиация кабинеті, 14 мұражай/кітапхана, 8 лингвокабинет, 303 шығармашылық ұжым (вокалдық, хореографиялық, қолөнер үйірмелері және басқалары), «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабтары жұмыс істейді. Кәсіпкерлер қауымдастығы, Журналистер клубтары, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, медиация кабинеттері, этностардың тілдерін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу жөніндегі 248 тілдік топ. 17 Достық үйінде «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында «Мәміле» клубы өз қызметін жүзеге асырады.

 

  • 01.10.2021
  • 300
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика